Ананди рөлін сомдаған Авика Гор «Таңшолпанда» (видео)

Ананди рөлін сомдаған Авика Гор «Таңшолпанда» (видео)

Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан үндінің «Келін» телехикаясында бала Анандиді сомдаған актриса Авика Гор Қазақстанға келді.

«Ананди Қазақстанға келеді» дегенді әлеуметтік желілерден естіген болар, Астана халықаралық әуежайына жұлдызды көруге халық та көп жиналған екен. Олардың арасында үнді азаматтары да бар. «Анандиді көру бақыты маған Үндістанда емес, Қазақстанда бұйырыпты»,-дейді үнділіктердің бірі.

Әкесі - Самир Гор мен анасы – Четна Горды ерте келген Авика: «Сіздердің елге келгендегі алғашқы әсерім – өте суық екен. Келгеніме қуаныштымын. Өйткені, бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Көрермендеріммен кездесуді асыға күтудемін. Рахмет сіздерге»,-деп лебізін білдірді.

Әкесі Самир Гор: «Ананди кішкентай кезінен бастап, 7 жыл бойы «Келін» телехикаясына түсті. Түсірілім алаңында өсті. Қызым менің ғана емес, бүкіл Үндістанның мақтанышы»,-дейді.

Ананди Астананы аралатып, Әзірет Сұлтан мешітіне апаруды да өтінген екен. «Мешітке ата-анам барғысы келді. Астанада әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі бар деп естіпті. Бұл жақтағы ғимараттар бір-біріне ұқсамайды. Архитектурасы да өзгеше екен»,-дейді актриса.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ананди рөлін сомдаған Авика Гор «Таңшолпанда» (видео)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]