Жанар Айжанова жастардың ажырасуына не себеп болатынын тізіп берді
Отандық телетуындыларда ененің рөлін жиі ойнайтын Жанар Айжанова жастардың ажырасуына әсер ететін бірнеше факторды атады. Әнші келін мен ененің қарым-қатынасын айта келе, әр қыз біреудің үкілеп өсірген баласы екенін ұмытпауды ескертті деп хабарлайды "7" арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған nur.kz.
Жалғыз қыз өсіріп отырған өнер иесінің айтуынша, келін жаңа өмірге бірден дайын болып келмейді. Сондықтан оны түртпектеудің орнына, кемшілігін жасыру керек.
"Келін саған дайын болып келе салмайды. Ол да өзінің өмірі көрмеген дүниесі. Оны түрте берсең, тілі шығады. Бағыт-бағдар беріп, көп нәрсесіне үндемей, уақыт өткесін айтып... "Жібекті түте алмаған жүн қылады" деп жатады. Қарасаң, ажырасып келіп отырады. Көбіне енелердің сауатсыздығынан кетіп жатады. Кейде аталары кірісіп жатады.
Кейде баласын тіпті еркелетіп жіберген. Қанша дегенмен келін келгеннен кейін, әр нәрсесін жіпке тізе бермей... Шешелеріміз жеңгелерімізді тәрбиелеп жатыр ғой. Керемет болып келіп жатқан ешкім жоқ. Бәрібір өз үйінен ұшып, екінші үйге келгесін бір жері болмаса, екінші жері ақсап жатады", - дейді әнші.
Сонымен қатар Жанар Айжанова әр отбасыда жалғыз бала болғандықтан, олардың отау құруға бейімделуіне уақыт, қолдау керектігін жеткізді.
"Қазір бір тауда бір елік. Жалғыз қыз, жалғыз бала. Бетіне жел тисе, екі жағынан ойбайлап әке-шешесі, ата-әжесі, нағашы ата-әжесі қарап отыр ғой. Содан кейін ол баланың жегені алдында, жемегені артында. Табанына тікен кірсе, "Аурумын" деп жеті күн жатады. Кішкене ауырса, бәрі жүгіреді. Сөйтіп ол бала үйленген кезде "әке, отағасы" болуға дайын болмайды. Оған бірден салмақ салуға да болмайды.
Әке-шешеде, екі жақта бір-ақ мақсат болу керек. "Осылардың шаңырағын қалай берік қылып, қалай ұшырып жібереміз" десе, сонда керемет келін мен күйеу шығады", - дейді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз былтырғы жылы сүйіктісінің бар екенін айтқан болатын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен ажырасуына қызғаныш себеп болғанын мойындады
» Жанар Айжанова: Әншілерді миллионер деп ойлайтындармен келіспеймін
» Келіні ыстық су шашып күйдірген 90 жастағы әжейдің аянышты халі көпшілікті алаңдатты
» Баян Есентаеваның болашақ күйеу баласы тойының қашан болатынын айтты (фото)
» Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы аяқталады

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: