2017 жылы доллар бағамы 280 теңгеге дейін түсуі мүмкін

2017 жылы доллар бағамы 280 теңгеге дейін түсуі мүмкін

2017 жылы доллар бағамына қатысты болжамдар біркелкі болмай отыр деп хабарлайды qamshy.kz.

Экономикалық шолушы Д. Кривошеев алдағы жылы теңге тағы да құнсызданып, 1 АҚШ долларының баңамы 420 теңгеге дейін өседі десе, экономист Біржан Чуйкин доллар бағамының экономикалық негізделген дәлізі 330-350 теңге шамасында болады деп санайды.

Қалай болғанда да валюта бағамы халықаралық қор нарығындағы мұнай бағасына тәуелді екенін білеміз. Соған сай, «Фридом Финанс» талдау департаментінің директоры Ерлан Әубәкіров Қашағанның іске қосылуы, мұнай бағасының қымбаттауы теңгенің нығаюына себеп болады деп отыр.

«Егер мұнай бағасы 62-65 долларға дейін өссе, доллар бағамы 280 теңгеге дейін түседі», - дейді Әубәкіров.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
доллар, мұнай, дейін, теңге, болады, теңгеге, бағамы, Әубәкіров, болжамдар, қатысты, бағамына, біркелкі, болмай, qamshy, хабарлайды, директоры, талдау, департаментінің, Соған, екенін, qamshy.kz, nur.kz

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]