"Эйр Астананың" жолсеріктері қазақ тілін үйренуге кірісті
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады
"Проблема бар екенін білеміз. Тапсырма берілді. Министрдің бақылауында", - деді ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұро
Естеріңізде болса, 2013 жылы қазақстандық ұшақтарда жолсеріктердің қазақ тілін меңгермегендігі бойынша бірнеше жанжал орын алған болатын.
Аталмыш компанияның вице-президенті Ербол Оспанов "Эйр Астана" жолсеріктерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеруі бойынша үлкен іс атқарылып жатқандығын жеткізді.
"Эйр Астана" әуекомпаниясының жолсеріктерінің барлығы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олар әр түрлі ұлттың өкілдері, барлығы - 1200 адам. Оларды жұмысқа қабылдағанда алғашқы талап қазақ тілі мен ағылшын тілін білуі болады. Кейінірек ақпаратты сол тілдерде оқу, жолаушылармен әңгімелесе алуы да қаралады.
Сонымен қатар, жолаушыларды бір-бірімен алмастыру бағдарламасы да бар. Егер жолсерік қазақ ұлтынан болмаса, оған өзге тілде сөйлеп кету оңайға соқпасы анық. Сондықтан, қазақ тілін одан жақсы білетін жолсерік сол жолаушымен сөйлеседі.
"Тіл меңгерудің түрлі бағдарламаларын жүргізіп келеміз. Мәселен, "Эйр Астана" компаниясының жолсерігі Сергей Орлов қазақ тілінен өткен байқауда бірінші орынды жеңіп алды", - деді Оспанов.
Айта кетейік, жолсеріктердің қазақ тілін білмеуі ұшақтарда жанжал тудырып жатыр. Мысалы, 2013 жылы он сегізінші қаңтарда SCAT компаниясының ұшағында Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Мейрамбек Білғали мен ұшақ жолсерігі арасында дау туған.
Ол орындықтағы қазақша жазудың қатесіне ашу шақырған еді. Конституциялық құқығының тапталғанын айтып, шағым және ұсыныстар кітапшасына шағымын жазып кеткен болатын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Зейнетақы қорынан 50 млрд теңге теміржол саласына бөлінбек
» 15 млрд теңге көлемінде пара алған шенеунік қызметінен шеттетілді
» Нұртас Адамбай: Орыс тілін білу - біздің әлсіздігіміз емес, күштілігіміз
» Қазақ тілінің ҰБТ-дан алынып тасталу себебі түсіндірілді
» Google Translate жүйесіне қазақ тілінде ауызша аудару қызметі қосылады
Іздеп көріңіз: