Жақсыбеков: ЭКСПО кезінде азық-түлік бағасы шарықтап кетуі мүмкін

Жақсыбеков: ЭКСПО кезінде азық-түлік бағасы шарықтап кетуі мүмкін

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2017 көрмесі барысында азық-түлік бағалары шарықтап кетуі мүмкін екендігін айтты.

Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген отырысында мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

«Бізге егер туристер көптеп ағылып, азық-түлікке деген сұраныс күрт артатын болса, қаланы азық-түлікпен қаншалықты қамти алатынымызды анықтап алу қажет. Оның үстіне көрме барысында бағалар көтерілмеу үшін логистикалық мәселелерді шешіп алу шарт, делдалдарды қысқарту бойынша жұмыстар жасалуы тиіс. Алайда ол да мүмкін: сұраныс артады, баға өседі», - деді ол.

Оның сөзі бойынша, көрші аймақтармен азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде уағдаластықтар жасалуда.

«Біз азық-түлік өндірісін бірнеше есеге арттыруымыз керек. Сондай-ақ көліктік-логистикалық мүмкіндіктерімізді арттыру шарт. Бүгінде көкөніс сақтау қоймалары, көліктік-логистикалық орталықтар, азық-түлік өнімдерінің өндірісі салаларының мүмкіндіктері зерттеліп жатыр. Осы мәселеде үлкен сұрақтар барын көріп отырмыз», - деп түйді ойын қала басшысы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
түлік, барысында, мүмкін, бойынша, Астана, логистикалық, айтты, түлікпен, сұраныс, көліктік, екендігін, Жақсыбеков, Әділбек, әкімі, кетуі, ЭКСПО, бағалары, шарықтап, көрмесі, есеге

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]