Төрт жарым айда 30 келі салмақ тастаған танымал визажист сырын ашты

Төрт жарым айда 30 келі салмақ тастаған танымал визажист сырын ашты

Бет әрлеудің әлемдік деңгейдегі ұстазы Гоар Аветисян сұқбат кезінде 4,5 айдың ішінде 30 келі салмақ тастағанын айтты деп хабарлайды nur.kz.

Танымал визажист Гоар Аветисян бірнеше айда 30 келіге арықтағанын айтты. Ал алғашқы 10 келіні ол небәрі 10 күнде тастаған екен. Бұл туралы бет әрлеуші "Пятница с Региной" бағдарламасында айтты.

"Таразыға тұрғанда 100 келіден сәл асқан шығармын деп ойладым. Бірақ салмағымның 131 келі болғанын көргенде жиіркене бастадым. Сол салмақпен өз-өзіме қалай ұнағанымды түсінбеймін. Қазір қатты ұяламын. Рас айтамын, "сырт келбет маңызды емес, толық болсам да сұлумын" деген жұбаныш сөздердің бәрі өтірік", - дейді Гоар.

Сонымен қатар, визажист салмақ тастаудың құпиясымен бөлісті.

Ең алдымен таразы сатып алып, барлық тағамның мөлшерін есептей бастадым. Ақуыз мөлшерінің көп болуын қадағаладым. Артық салмаққа байланысты фильмдер көрдім. Пайдалы асты өзім дайындағанды жақсы көремін, оған қоса жаттығу залдарына да барып тұрамын", - дейді визажист.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
айтты, салмақ, Аветисян, визажист, әрлеудің, дейді, әлемдік, хабарлайды, бастадым, тастағанын, ішінде, айдың, кезінде, сұқбат, ұстазы, деңгейдегі, сатып, таразы, алдымен, бөлісті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]