ІІМ полицейлер мен биші қызға қатысты видеоға жауап берді

ІІМ полицейлер мен биші қызға қатысты видеоға жауап берді

Әлеуметтік желіде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында ашық билеген қыздың видеосы тарап кетті деп хабарлайды nur.kz.

Бейнежазба кадрларынан іш киім ғана киген бойжеткеннің полиция қызметкерлері отырған залға кіріп, ашық билеп жатқанын аңғаруға болады.

Қазақстан ІІМ аталған видеоға қатысты жауап берді. Министрлік бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Видеода болып жатқан жағдай біздің мемлекетіміздің аумағында болған жоқ", - деді ведомствода.

REGNUM басылымының хабарлауынша, ашық билеген қыз Ұлан-удэ полициясының Октябрь бөлімінің алдында өнер көрсеткен. Болжам бойынша, бұл қойылым бурят полицейлеріне 23 ақпанға арналған сый болған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алдында, билеген, Әлеуметтік, видеосы, болған, желіде, хабарлайды, тарап, кетті, қыздың, қызметкерлерінің, органдары, қорғау, құқық, басылымының, болып, жатқан, жағдай, біздің, мемлекетіміздің

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]