Астанада Елбасы экологиялық отынмен жүретін көлік таксопаркінің тұсауын кесті
Бүгін Астанада "Қазақ елі" монументі алаңында Астана қаласы әкімдігінің көмегімен, "AllurGroup" компаниясымен іске асырылған "Эко такси" қалалық таксопаркі инвестициялық жобасының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
"Астана Эко такси" жобасы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге қаланың инфрақұрылымын дайындау бойынша Әкімдіктің үш бағдарламасының бірінші іс-шарасы болып табылады. Жобаға: Astana mobility - қаланың көліктік инфрақұрылымы және логистика саласын жаңарту және жақсарту жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру; Astana Green City - энергетикалық тиімділік және жаңартылған энергия көздері саласындағы шешімдерді жүзеге асыру; Welcome to Astana! - қаланың туристік қызығушылығын дамыту және қонақ үй және мейрамхана, қызмет көрсету саласының инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жатады.
"Аталған жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі қағидасымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты Астана қаласында экологиялық жанармайдағы ірі автомобиль таксопаркін құру және қалада таксомоторлы тасымалдар және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халыққа қызмет көрсетудің өркениетті және заңды түрін енгізу болып табылады",- деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі 100 автокөлікті пайдаланумен басталады, ал 2017 жылға олардың санын 500 автокөлікке дейін ұлғайту жоспарланады. Бастапқы кезеңде инвестициялар 450 миллион теңгені құрайды.
Осы жобаны жүзеге асыру барысында тасымалдау саласында қосымша жұмыс орындары құрылады.
"Астана Эко такси" бүкіл автокөлік паркі пропан-бутан (SNG) қоспасы сұйытылған газында жұмыс істейтін болады, бұл тек қаладағы экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, жанармайдың төменірек бағасы есебінен таксопарк қызметіне баға құнын арзандатуға мұмкіндік туғызуы тиіс. Қазіргі уақытта қалада 18 газ құю стансасы жұмыс істейді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Астанада ЭКСПО-2017 өтетін аймақта жаңа 4 көше пайда болады
» Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты
» Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешені өртенді
» Жақсыбеков: ЭКСПО кезінде азық-түлік бағасы шарықтап кетуі мүмкін
» Назарбаев Универсиада – 2017 нысандарының дайындық барысымен танысты
Іздеп көріңіз: