Сочи Олимпиадасының алауы ғарыштан Жерге оралды
Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен итальяндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды.
"Союз ТМА-09М" басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай сағат астана уақыты бойынша 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарышкерлер Жерге Сочи Олимпиадасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада алауының жерге қонуын Ресей тікұшақтары бақылады.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні Олимпиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.
Бүгін астана уақытымен 5:26-да "Союз ТМА-09М" басқарылатын көлік кемесі ХҒС-дан ажырап Жерге қарай қозғалды. Орбитадағы жұмысты Ресей ғарышкерлері О.Котов, С.Рязанский мен Михаил Тюрин, американдық астронавттар Майкл Хопкинс пен Ричард Мастраккио мен жапондық астронавт Коичи Ваката жалғастыруда.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Сочиде Олимпиада алауы сөндірілді
» Денис Тен Олимпиада алдындағы ырымдар туралы айтып берді
» Денис Тен Қазақстан қоржынына Сочи Олимпиадасының алғашқы медалiн салды (видео)
» Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді
» «Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді
Іздеп көріңіз: