Мал сойғаны туралы хабарламағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін

Мал сойғаны туралы хабарламағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлайды.

Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру ветеринариялық дәрігерлері тарапынан тегін жүргізіледі.

Қораңыздағы төрт түлік малдарыңызды бірдейлендірмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз.

Қосымша ақпаратты Шымкент қаласы, 4 ш/а, Байтұлы баба көшесі 14/9 мекен-жайында орналасқан «Ветеринариялық қызмет» МКК-нан алуға болады.

Телефон нөмірі: 45-05-22, 45-05-18, 24-74-08

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]