Назарбаев халықтың 70%-ы қазақша сөйлейтін өңірлерді қазақ тіліне көшіруге бұйрық берді
Қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшуі керек "Нұр Отан" ХДП мемлекеттік тілді нығайтуға, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға байланысты қоғамдық-саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасауы тиіс.
Бұл турлы бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс ХV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
"Бұл - ана тіліміз бен ата-дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің мәңгі жаңғыру дәуірі. 2025 жылға дейін мектептегі балалар түгел қазақша оқып шыққан кезде барлығымыз қазақ тіліне көшетіндігімізді айттық. Конституцияда екі тілділік деген мәселе бар. Бұл - елдің бірлігі үшін, сыртымыздың және ішіміздің бүтіндігі мен тыныштығы үшін жасалып отырған амал. Тәуелсіздік алған жылы халқымыз қанша болғанын баршаларыңыз білесіздер. Ал қазір қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшу керек", - деді Елбасы.
Осы орайда Президент ана тілін аталған көрсеткіштен аз меңгерген облыстар алға қарай жылжуы тиіс екенін қадап айтты.
"Қазақтың тілін үйрету үшін барлық әкімшіліктер көңіл бөліп, оқытып, үйретуі керек", - деді Мемлекет басшысы.
Н. Назарбаев "Нұр Отан" ХДП мемлекеттік тілді нығайтуға, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға байланысты қоғамдық-саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасауы тиіс екенін атап өтті.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» 27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)
» Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады
» Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған
» Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi
» Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді
Іздеп көріңіз: