"Анам қолдайды": Жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы ашық сұхбат берді

"Анам қолдайды": Жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы ашық сұхбат берді

Тым ашық суреттерімен аты шыққан Айжан Байзақова сәбиін дүниеге әкеліп, бала бағумен қолы тимей жатқанда желі қолданушылары аяусыз сынға алтын жаңа бip қызды тауып алды. Ол - Шырын есімді 18 жастағы тараздық студент. Бойжеткен жалаңаш денесіне ұлттық бұйымдарды тағып түскен суретін желіге жүктеп, қалың көпшіліктің назарына іліккен еді, деп хабарлайды nur.kz.

nur.kz тілшісіне берген сұхбатында Шырын неліктен бұлай суреке түскенін, өзі үшін ненің "ұят" екенін және айтылған сындарға қалай жауап беретінін айтты.

Колледжде техникалық мамандықта оқитын бойжеткен өзінің модель емес екенін алға тартты.

«Ешқашан модель болған емеспін, бірақ мен ерешке суреттерді жақсы көремін, өйткені кейде бір суреттің өзі бір кітаптан артық әсер етуі мүмкін ғой».

Сонымен бірге, Шырын желіні жарған суретіне қатысты да жауап берді.

"Мені жақын танымай жатып, "жезөкше" және "қарабет" деп айдар таққандар көп. Мен дәл осындай сөздер жазылатынын білдім, сол себепті де ешкімді жазғырмаймын. Қанша адам болса, сонма пікір болады дейді ғой.


Ешкімнен және ештеңеден қорықпаймын. Неден қорқуым керек? Мен ешкімге ешқандай зиян тигізген жоқпын.

Жақындарым әрдайым мені түсінеді. Мені ең бірінші қолдайтын адам бар, ол - анам.

Маған сенім артатыны үшін оған шексіз алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, мені қолпаштап жүрген достарыма рахмет айтамын", - дейді бойжеткен.


Осылайша, желіні шулатқан Шырын көпшіліктің тың дүниелерден қорқатынын айтты.

«Барлық жаңа нәрселер адамдарды шошытады. Олар үшін жаңашылдықты қабылдағаннан гөрі оны ұят деп санау оңайырақ.


Қазақстандағы жастардың көбі мынаны мақсат тұтады: мамандық ұнаса да, ұнамаса да диплом алу, 25 жасқа дейін шаңырақ құрып, той жаcay үшін миллиона кредит алу.

Егер бiр адам басқа жолмен кетіп бара жатса - бұл"ұят".Үйлену тойын жасамадың ба - "ұят" , диплом алмадың ба - "ұят" , 25 жасқа дейін күйеуге шықпадың ба - "ұят". Бір орында тұрып қалған мәдениет - біздің халықтың басты мәселерінің бірі», - дейді ару.


Шырын өзі үшін не нәрсенің шын мәнінде ұят саналатынын айтты.

« "Ұят" дегеніміз - 15 жасар қыздың аяғы ауыр болып қалып, сәбиін әжетханаға тастауы; лауазымды тұлғалардың халықтан ақша ұрлауы; әйелдер мен балалардың аяусыз зорлануы; салт дәстүрді жамылы, қыздарды өздерінің рұқсатынсыз алып қашу; діннің атынан сөйлеп, өзгелерді балағаттап, жамандау; басқаның өміріне араласу. Міне, осы жағдайлар мен үшін ұят болып саналады».

Бойжеткен уақыт өте келе қоғамның ашық әрі толерантты болатынына сенетінін айтты.

«Мен біздің қоғам жақсы жаққа қарай өзгеретініне сенемін. Біз бөтен біреудің жеке өміріне араласуды доғаратын шығармыз.


Мені талқыға салаты адамдарға айтарым: бұл әлем біз ойлағаннан да күрделі, тереңірек ойланыңыздар», - деп аяқтады сөзін Шырын.

Журналист: Алтын Ныгман
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]