"Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкерін ұрған Дархан Ботабаев кешірім сұрады
"Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкеріне жұдырық ала жүгірген Дархан Ботабаев бүгін көптің алдында жариялы түрде кешірім сұрады.
Өз қателігін түсініп, жәбір көрген әуекомпания қызметкері Нұркенжегүлге бір құшақ раушан гүлін сыйлады. Нұркенжегүл Байғазиева өз кезегінде Дархан Ботабаевты кешіргенін және арызын да қайтарып алатынын айтты. Тіпті, моральдық шығынды өндіруден де бас тартып отыр.
Ал, "Эйр Астана" әуе компаниясы Дархан Ботабаевты өз ұшақтарына отырғызбау туралы шешімін жойды. Дегенмен, ол әзірше сұр тізімде тұрмақ. Бұл тізімге жіті бақылауда болатындар жазылады екен.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 11-күні ұшаққа билет алуға келген Дархан Ботабаев, "Эйр Астана" әуе компаниясының кеңсесінде мекеме қызметкеріне дөрекі сөйлеп, бетінен бірнеше мәрте ұрып жіберген еді. Оның бұл өрескел қылығы кеңседегі бейнекамераларға жазылып қалған.
"Бұлай болғанына мен қатты өкінемін. Нұркенжегүл сізден ресми түрде кешірім сұраймын. Кешірімімді қабылдайсыз деп ойлаймын. Істеген ісімнің кінәсін жуып шайу үшін, қайырымдылық қорына 10 мың АҚШ долларын беремін", - деді кәсіпкер.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Қазақша концерт: Базар жоқ - Гүл, Астана (2013)
» Көпшілік Қайрат Нұртас депутат болса, Мәжіліске де анасын ертіп баратынына ойланып қалды
» Презентация (слайд): 6 Шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні (Астана - Қазақстанның бас қаласы)
» Қазақша Фильм: Арман асуы телехикаясы (6 бөлім)
» Қазақша Фильм: Арман асуы телехикаясы (3 бөлім)
Іздеп көріңіз: