"Ақтөбе" футболшысы Кенжесариевтің жағдайы туралы ағасы айтып берді
Эмиль Кенжесариевтің ағасы Рүстем Жаныбаев "Ақтөбе" клубының ойыншысының бүгінгі жағдайы туралы айтып берді.
Бұл туралы "Ақтөбе" футбол клубы жанкүйерлерінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында белгілі болды.
"Эмильдің ем-домы аяқталды. Жақында үйге шығып қалуы мүмкін. Қазір Алматы қаласынан пәтер іздеу үстіндеміз. Жағдайы жақсарып келеді. Біраз уақыттан соң Германияға емделуге барады" дейді Жаныбаев.
Сондай-ақ, ауруханадан шыққан соң Кенжесариевтің өзі жанкүйерлеріне хат жазатынын жеткізді.
Естеріңізде болса, "ақтөбелік" спортшы осы жылдың 10 тамызы күні соққыға жығылып, ауруханаға түскен еді. Кейіннен оған "Вертолет" және "Баритон" мекемелерінің күзетшісі Бейбіт Ұзақбай кінәлі екені анықталды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: