ҰБТ өткізу 2015 жылдан бастап тоқтатылады

ҰБТ өткізу 2015 жылдан бастап тоқтатылады

2015 жылдан бастап Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесі түп-тамырымен жойылады. Оның орнына 2 кезеңді сынақ, яғни, жазбаша емтихан мен кешенді тестілеу енгізіледі.

Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов осылай деп мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі бірыңғай тест жүйесі айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Өйткені, "мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес".

Сондықтан, енді мектеп түлектері екі кезеңді сынақтан өтеді. Алдымен, бірнеше пәннен жазбаша емтихан тапсырады. Ал жоғарғы оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады.

Кешенді тест екі бейінді пән бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, Мұрат Әбенов емтиханның өту формасының өзгеретінін де айтты.

Мәтінмен жұмыс жүргізіліп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар беріледі. Бұл оқушылардың жаттанды білімін емес, оны практика жүзінде қаншалықты пайдалана алатынын анықтайды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ҰБТ өткізу 2015 жылдан бастап тоқтатылады, ент ұбт тоқтатылады, ент 2015 ұбт тоқтатылады, ент ұбт 2015 болмайды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]