Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті
Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті.
Бұл туралы бүгін "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
"Бүгінгі таңда біздің алтын-валюта қорымыз, ұлттық қорды қоса алғанда, 90 млрд. доллардан немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан асып түсті", - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуразиялық кеңістікте инвестициялық бизнес ахуал бойынша көшбасшылық орында.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бағытында шұғыл реформа жасағанын атап өте келе: "Қысқа уақыттың ішінде сәйкесінше заңдар қабылдап, инвесторлардың сеніміне ие болды және шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарта алды", - деді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті
» Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжамын айтты
» Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек
» Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен Мемлекет басшысы құттықтады
» Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады
Іздеп көріңіз: