Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.
"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.
"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті
» Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді
» Назарбаев: Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған
» Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді
» Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді
Іздеп көріңіз: