Алтынай Жорабаева өзінің қадіріне жетпей, бағаламаған күйеуі туралы ашық айтты

Алтынай Жорабаева өзінің қадіріне жетпей, бағаламаған күйеуі туралы ашық айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева өзін ажырасқаны үшін сөгіп, жерден алып, жерге салатындарға өз жауабын қайтарды деп хабарлайды nur.kz.

Ол өзінің Instagram желісіне жазба қалдырып, елдің көкейінде жүрген сұрақтарға нүкте қойды.

"Алдыңғы постта Томирис деген бүлдіршіннің тұсауын кескенімді салып едім, неше түрлі пікірді оқып, Алладан кешірім сұрадым, сол адамдар үшін. Және ешқандай күш жұмсамай сауапқа ие болғаныма Аллаға шүкір еттім.

Біріншіден ешкімнің кепілдігі жоқ, ертеңгі күні жағдайы қандай болатынына....

Екіншіден мен тұсау кескенім үшін ақша сұраған жоқпын, алмаймын да. Ал ән салып қызмет жасау ол басқа.

Негізі мен қаншама адамға "отказ" беріп келемін, тұсау кесу болсын, қыз ұзату болсын.

"Мен ажырасқанмын, ертең көңілдеріңізге алып қаларсыздар, оданда отбасы бар келіншектерге айтыңыздар", - деп. "Жоқ, ондайды көңілімізге алмаймыз деп жатса да келіспедім. Содан менің көмекшім Ақерке: "Алтынай Құлажанқызы, неге сіз өзіңізді төмен санай бересіз? Сіз де төрт қыздың анасысыз ғой, қыздарыңыз қандай тәрбиелі, ондайды қойыңыз, сізге ұқсағысы келіп жүрген қаншама қыз-келіншек бар?", - деген соң, кеше тұсау кесуге келіскен болатынмын", - деген ол жарымен ажырасып кеткені үшін ақталғысы келмейтінін айтты.

"Шынында да мен , күйеуге ажырасамын деп тиген жоқпын. Бір үлгілі отбасы боламыз Алла бұйыртса деген арман болды. Мені әкем мен анам еріңе қарап сөйлеме, еріңдікі дұрыс болса да дұрыс, дұрыс емес болса да дұрыс деп тәрбиеледі...

Мейлі үй тірлігі болсын, дала тірлігі болсын барлығын өзім жасап жүре беретінмін... Өйткені бізді солай тәрбиеледі. Мынау әйелдің, мынау еркектің жұмысы деп бөлмедік. Ал оны түсінбейтін, бағаламайтын еркек болатынын айтпапты... Бірақ шыдамдылықтың да шегі болады ғой. Мені әкем мен анам көшеден тауып алған жоқ қой. Мен де ет пен сүйектен, сезімнен жаратылғанмын...", - деп жазды ол.

"Алла бізден жақсы біледі. Әр нәрсенің xайыры бар. Бізге осылай xайырлы болған шығар... Әрине өз пікірлеріңізде қала беріңіздер, мен өзгертуге тырыспаймын. Бірақ өмірімізге балта шаппайық. Бұл өмір сынақ!", - деп басу айтты ол өзіне қарсы пікір айтқандарға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
болсын, дұрыс, Алтынай, тұсау, салып, Бірақ, жоқпын, қаншама, Танымал, тірлігі, жүрген, болса, отбасы, ондайды, айтты, тәрбиеледі, қандай, сөгіп, Жорабаева, Алтынай Жорабаева

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]