Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова күйеуінің тегіне өтіп кетті

Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова күйеуінің тегіне өтіп кетті

Жақында үшінші рет тұрмыс құрып, тойын өткізген әнші Ақбота Керімбекова тегін өзгертті. Бұл туралы ерлі-зайыптылар 31 арналағы «Айта берсін» бағдарламасында айтты деп жазады nur.kz, reactor-ға сілтеме жасап.

Журналистің «Ақбота Керімбекова қала ма?» деген сұрағына әншінің жолдасы Рауан: «Жоқ, қалмайды. Ақбота Дәулетова болады. Солай болып жатыр. Елдің алдында, әке-шешеміздің алдында қабылданды»-деп жауап берді.

Ал Рауанның анасы Тотия ханым болса баласының бақытын тапқанына, әнші Ақботаның өз келіні атанғанына қуанышты екенін жасырмады.

«Рауан баланың кенжесі. Мені «Мама» дейтін бір өзі ғана. Ақбота келіп «Мама» дегенде жүрегің қалай елжіремейді? Ақбота өзінің қылығымен, сүйкімділігімен, қарапайымдылығымен баурап алды. Менің негізі келіннен салымым жақсы. Бұрынғы келінім де мәдениетті, қарапайым, жақсы болды. Бірақ өзінің әкесінің тапсырып кеткен аманатын орындаймын, бауырларыма қарайлаймын деп біздің рұқсатымызбенен кетті. Ал біздің ұлымыз Рауан өнерді қалады. Ол келіннен біздің немереміз бар. Келіндерімді бұрынғы, қазіргі деп бөлмеймін» - дейді ол.

Ақботаның алғашқы некелерінен үш ұлы болса, Рауанның бірінші жарынан бір ұлы бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ақбота, біздің, Керімбекова, Жақында, алдында, өзінің, жақсы, Ақботаның, Рауан, келіннен, Рауанның, болса, жасап, сілтеме, reactor, жазады, айтты, бағдарламасында, тұрмыс, Ақбота Дәулетова, акбота даулетова, Ақбота Керімбекова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]