Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжамын айтты
Ұлттық валютаның бағамын айқындайтын оң іргелі факторларға қарамастан, валюта нарығында құбылмалылық сақталуда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспа және телевизиялық БАҚ-тың бас редакторларымен кездесу барысында айтты деп хабарлайды nur.kz пен baq.kz ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Девальвациялық болжамдар әсерінен шетел валютасына сұраныстың артуынан 14 қыркүйектегі жағдай бойынша теңге бір доллар үшін 337 теңгеге дейін 0,3%-ға әлсіреді. Жыл басынан бері 1,4%-ға әлсірегені байқалып отыр», - деді Ақышев.
Ұлттық банктің болжамы бойынша, егер мұнай бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан төмендемесе, ал Ресей рублінің бағамы бір АҚШ доллары үшін 59-60 рубльден аспаса, теңгенің долларға шаққандағы бағамы ағымдағы деңгейде сақталады.
Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы елдің алтын-валюта резервтерінің өскенін айтты.
«Алдын ала деректер бойынша, алтын-валюта резервтері сегіз айда 32,9 млрд. АҚШ долларына дейін 11,6%-ға өсті. Ұлттық қордың 58 млрд. АҚШ долларына жуық активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 2017 жылғы тамызда 91 млрд. АҚШ долларына немесе ІЖӨ-нің 61%-на жетті», - деп атап өтті ол.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Данияр Ақышев теңгенің құнсыздануы туралы сыбысқа жауап берді
» Доллардың бағамы 185 теңге көлемінде болады
» 2017 жылы доллар бағамы 280 теңгеге дейін түсуі мүмкін
» Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі
» Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: