Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Ақтөбе қаласындағы банктердің бірінде су­первайзер қызметін атқарған келіншек бір жыл бо­йы клиенттердің шоты­нан өзіне ақша аудар­ып отырған. Мұны біл­іп қойған банк филиа­лының басшысы полици­яға арыз жазды, деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департамен­тінің баспасөз қызме­ті хабарлады.

Нәтижесінде ба­нктің 35 жастағы қызметкері ұсталды. Тергеушінің сөзінше, қаржыгер өзінің қызмет бабын пайдаланып, тұ­рғындардың шотынан ақша жым­қырып отырған. Осыла­йша, банкке 2 миллион 685 мың теңге көл­емінде шығын келтір­ілді.

Қазіргі таңда «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуд­е.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
отырған, Ақтөбе, өзіне, хабарлайды, жазды, полици­яға, басшысы, филиа­лының, біл­іп, аудар­ып, қойған, шоты­нан, қызметін, клиенттердің, бірінде, су­первайзер, банктердің, атқарған, келіншек, бо­йы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]