Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)

Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)

Айқын Төлепберген "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады. Бұл туралы nur.kz порталы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айқын Төлепбергенді өнердегі әріптестері үшінші рет әке атанғанымен ашық құттықтай бастады. Мәселен, Нұрлан Еспанов Айқынды ұлды болғанымен телеарнада ашық құттықтап қойды.

"Айқын досымды құттықтаймын. Мұндай жігіттің ұлы болашақта танымал азамат болады деген сенімдемін. Айқын, кішкентайың құтты болсын, бауы берік болсын, үлкен азамат болып өссін", - деп тілегін жаудырды Нұрлан.

Айқынның өзі болса, Жұлдыз Өмірғалиға қатысты ақпаратқа пікір айтуға құлқы жоқ екенін байқатып, сұрақтан жалтарды.

"Айтпай-ақ қояйықшы, ол туралы сөйлескім келмейді", - деген Айқын әке атанғанын жоққа шығаруға да асықпады.

Еске салсақ, әнші бұған дейін Әсел есімді арумен отбасын құрып екі рет әке атанған болатын. Содан кейін әншінің ажырасып кетіп, Жұлдызбен көңіл жарастырғаны туралы сыбыс тараған еді.

Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)

Алайда әнші де, оның менеджері де бұл ақпаратты бүгінгі күнге дейін жоққа шығарып келген.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали, жоққа, туралы, Жұлдыз, бағдарламасына, деген, дейін, болсын, Төлепберген, Нұрлан, хабарлайды, жасап, сілтеме, азамат, берсін, әншісі, порталы, шығармады, сүйгенін, Кешью

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]