Ринат Зайытовтың өзі қатаң сынға ұшырады
Ақын Ринат Зайытовтың өзі қатаң сынға ұшырады. Ұстаздарды қолдау орталығының жетекшісі Сержан Қасен ақынның “Айтуға аңай” бағдарламасында айтқан сөздеріне қарап,оның бойындағы сөзіне сай емес бірнеше қателіктерді тізіп берген. Сондай-ақ ақынды “Шындықтың жүгін жалғыз арқалаған “батыр” сезінеді өзін. Әрі алдында отырған Роза Рымбаева сынды өнер майталмандарының алдында сөйлеген сөздері әдепсіздеу көрінді” дейді.
«Ешкімге еліктемей өмір сүру бұдан былай мүмкін емес, Ринат мырза ешкімге еліктемесе неге батыстың кастюмын киіп жүр, неге қазақша шапан мен саптама етік киіп келмейді, немесе өзі ойлап тапқан стилде киініп келмейді. Еліктемесек онда электронды инструменттен мүлдем бас тартып ұлттық аспаппен ғана ән салайық, эстрада жанрын құртайық, үйімізді европаша сәндемейік, джинсы кимейік»,-дейді белсенді жеке парақшасында.
Одан әрі белсенді бағдарлама барысында Ринат Зайытовтың өктемірек сөйлеп,сүйкімсіз көрінгені жайлы айтады.
“Ринат пафос қуған адам, Оспан батыр туралы айтқаны шындыққа жанаспайды, «91» тобы жоқ болса да Ринаттың балалары сол тектес шетелдік топтарды тыңдай береді. Роза апай өте сәлихалы кісі ғой, Ринаттың өктем сөйлегенінің өзі тым сүйкімсіз көрсетеді. Шындықтың жүгін жалғыз арқалаған “батыр” сезінеді өзін”,-деп жазады Сержан Қасен.
Бұдан Бөлек Ерболат Беделханның жары Асыл Беделхан Ринат Зайытовтың ойына байланысты өз пікірін білдірген еді.
“Ринат Зайытовтың “Ninety one” тобының жігіттеріне айтқаны: Әкемнің әскерде түскен суреті бар. Мен ол суретті алып: “Мынау менің әкем!” деп мақтанып көрсете аламын. Ертең сендердің балаларың болады, олар: “Мынау менің әкем!”, – деп көрсеткен кезде осындай түрлеріңді көрсете ме?!”. Пы/сы: Бұл тек аталмыш топтың жігіттеріне ғана емес, іріп-шіріп жүрген барлық жастарға арналған деп білемін. Ойланыңыздар! Әскердегі жігіт пен сахнадағы жігіттің айырмашылығы бар. Ринат өзінің фотосын жөндеп алсын алдымен. Бір айтқан сөзі бар халыққа: “Мен арақ ішем, әйелімді жылатып тұрып қыздарға барамын деген. Енді туған балалары не дейді суретіне қарап??? Құран, қазағым деп отырған адам мұндай қылық жасағаны қалай?”, – деп жазады Ерболаттың жары Асыл Беделхан.
“91” тобының төңірегіндегі дау бойынша бүгін Төреғали Төреалі өз парақшасына тағы жазған еді. Онда бүгінде сахнада ән орындап жүрген әнші өлеңдете отырып, Ринат ағасына алғыс айтып, әліде болса “91” тобының киім үлгісі мен атауының өзі өзгерсе екен тілегін айтқан.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ринат Зайытов қытайлықтан қазақша сөйлеуді талап еткен Сапарбаевтың ерлігін айтты (видео)
» Орал тұрғыны ірі жол апатының құрбандарын ажалдан алып қалды
» Ерболат Беделхан Ринат Заитовқа қарсы жауап берді (видео)
» Танымал журналист жұлдыздардың сырын ашамын деп шектен шыққан бағдарламаны сынады
» Меруерт Түсіпбаева 3 жылға сотталуы мүмкін

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: