Тіс емдетемін деп миллионға жуық ақшасынан "қағылған" астаналық тұрғын жанайқайын жеткізді
Астанадағы тіс емдейтін клиникалардың біріне барып, 1 миллионға жуық қаражат жұмсаған тұрғын қызмет сапасы сын көтермейтінін айтып, жанайқайын жеткізді. nur.kz редакциясына хабарласқан тұрғынның айтуынша, клиника дәрігерлері тісіне зақым келтіріп қана қоймай, ем-домға кеткен қаражатты қайтарудан да бас тартып отыр екен.
«Қаламыздағы танымал клиника ("Doctor Dent") болған соң, осы тіс емханасының көмегіне жүгінген едім. Былтыр қазан айында дәрігер кеңесіне барып, көп ұзамай желтоқсанда емге қажет 850 мың теңгені клиника қызметкерлеріне бердім. Алайда, олар маған ешқандай да чек берген жоқ, келісімшартқа да отырмадық. Ақша төленді деген чекті, бірнеше айдан соң, мен шағымданнан кейін ғана қолыма ұстатты. Ақшаны қалай да кассаға салып, емге жұмсаймыз деп сендірді.
Бірақ, тісті емдеу кейінге қалдырыла берді. Ақпан айына дейін барлық тістерімді жөндетіп бітіруім керек еді, алайда тек үстіңгі тістерді емдеп үлгердім. Астыңғы тістердің емі кейінге шегеріле берді. Бар кінәм, клининикаға құдайдай сенгенім болып отыр», - деп қынжылды астаналық тұрғын.
Шаһар тұрғыны танымал клиника тісті емдеудің орнына, керісінше зақым келтіріп, қосымша қаражат төлеуге тура келді дейді.
«Алғашында 500 мың, кейін тағы 200 мың теңге бердім. Сосын бір тісімді зақымдап, тағы 100 мың теңге төледім. Тісімді қалпына келтіре алмағандықтан, барлық ақшамды қайтаруымды талап етіп, ІІБ-на клиника үстінен арыз да жаздым. Алайда, емханадағылар өз кінәларын мойындайтын емес. Керісінше, ақшаны кассаға төлемей, дәрігер қолына ұстатты деп өзіме жала жауып отыр.
Екі адвокат жалдап, оларға 300 мың теңге төлеуге тура келді. Айдың күннің аманында осылай шығынға шаш етектен батып отырған жайым бар», - деп жанайқайын жеткізді тұрғын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» "Анам ол кезде жұмыста болатын": Алматылық 12 жасар қыз өзін 60 жастағы ер адамның қалай зорлағанын айтып берді
» БАҚ: Астаналық шенеуніктер төсек қатынасы үшін Украинадан қыздар шақырады
» Алматыда жолсеріктер өздерін құл ретінде "ұстаған" басшыларының былығын ашты
» Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді
» Қолөнершіге жарнама жасамай қойған Мөлдір Әуелбекованың басы дауға қалды (фото)

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: