БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары Кеңес дәуірінен келе жатқан екі көшенің атын ауыстыруға қарсы шықты деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған nur.kz.

Жергілікті жұрт шаһардағы Юбилейная және Элеваторная деген екі көшенің атауының ауысуына қарсы болған. Қала әкімдігінен келген арнайы топ Юбилейная көшесінің атын 18-ғасырда осы өңірде өмір сүріп, ерлікпен көз жұмған Жолбарыс батырдың есімін бермек болыпты. Алайда №5 мектепке жиналған Юбилейная көшесінен келген 23 тұрғын бір ауыздан қарсы шықты. Заң аясында дауыс беру арқылы шешімін табады деген көшенің жаңа атауы сол қалпы өзгермейтін болып келісілді.

БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

Себебі, көшеге Жолбарыс батырдың есімін беру жөніндегі ұсынысты бір ғана адам, яғни батырдың ұрпағы Жолдығали Батырханов есімді азамат өзі ұсынып, өзі ғана қолдаған. Тұрғындармен ұзақ уақыт керіскен әкімдік қызметкерлері ақыры жеңіліп тынып, көшеге батырдың есімі берілмесе де №5 мектеп ауданына оның ескерткішін қоюға әрең рұқсат алды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
батырдың, көшенің, қарсы, Юбилейная, шықты, Батыс, порталына, есімін, Қазақстан, келген, деген, көшеге, жасаған, сілтеме, Жолбарыс, город, Ақсай, ауыстыруға, жатқан, облысы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]