1 шілдеден бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

1 шілдеден бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

1 шілдеден бастап бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын бірқатар өзгерістерді Sputnik Қазақстан тізіп шықты, деп хабарлайды nur.kz.

Медициналық сақтандыру

1 шілдеден бастап жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы жарна аудара бастайды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалдамалы жұмысшылар төлем жасайды.

1 шілдеден бастап жұмыс берушілер әрбір қызметкердің табысынан 1%, 2018 жылғы 1 қаңтардан 1,5%, 2020 жылғы 1 қаңтардан 2%, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 3% төлеуі тиіс.

Жеке кәсіпкерлер 1 шілдеден бастап ең төменгі екі жалақы мөлшерінен 5% (2017 жылы ең төменгі жалақы 24 459 теңге), яғни 2 445,9 теңге төлейді.

Жалдамалы қызметкерлер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап табысының 1%-ын, 2020 жылғы 1 қаңтардан 2%-ын аударуы қажет. 2022 жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін жұмыс беруші мен қызметкердің жиынтық жарнасы табыстың 5%-ын құрайтын болады.

Қорға жарна аударудан халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына жататын азамттардың 15 санаты босатылады. Олар үшін мемлекет 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап төлейді.

Әркім қажетті медициналық және дәрі-дәрмек жәрдемін ала алады, ол қорға аударылатын жарна мөлшеріне байланысты емес, міндетті медициналық сақтандыру пакеті барлығына бірдей болмақ.

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі


1 шілдеден бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы өседі.

2017-2018 жылдары зейнетақы үш кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға өседі.

Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды.

Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген. Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты.

Бұдан бөлек, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру көзделген.

Халық саны өсті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халық саны 1 шілдеде 18 миллионға жететінін мәлімдеген еді.

Тіркелмеген телефондарды бұғаттау

Қазақстанда қабылданған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес заңына сәйкес елде IMEI кодтарының бірыңғай деректер базасын құру қарастырылған.

Бұл база ұялы телефондардың иелері туралы ақпаратты тәртіпке келтіруді және оларды қылмыс кезінде пайдалануға кедергі жасауды көздейді.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың мәлімдеуінше, жүйенің іске қосылуы телефон ұрлығының санын азайтуы тиіс. Зардап шеккен адам полицияға барғаннан кейін ұрланған телефон бұғатталады. Осылайша, телефон ұрлаудың ешқандай мәні болмай қалады, деп айтқан еді ол.

Өзгерістерге сәйкес, ұялы байланыс операторлары 1 шілдеден бастап IMEI-коды базасында тіркелмеген телефондарды бұғаттауға міндетті. Абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарын тіркеу телефолын ұялы байланыс операторының желісіне қосылған кезде операторлардың деректер базасында автоматты түрде жүргізілетін болады.

Электронды үкіметтегі жаңашылдықтар

1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметтер көрсету жеңілдетілмек. Енді электронды үкімет порталында 20 мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Бір реттік пароль арқылы 20 қызметтің 15-і қолжетімді, қалған бес қызмет үшін тек порталда авторизациядан өту керек.

Бір реттік пароль арқылы мүлік туралы, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік үшін тіркелген немесе тоқтатылған құқықтары жөнінде анықтама, жылжитын мүлікке кепілді тіркеу тізілімінен көшірме алу, жылжымайтын мүлік нысанының техникалық паспортын алу, азаматтық ахуал актісін тіркеу немесе екінші қайтара куәлік алу мүмкіндігі бар.

Бір реттік пароль – сұраудан кейін телефонға жіберілетін sms-хабарлама. Телефонға келетін тексеру кодынан кейін оны eGov.kz сайтына енгізу керек.

eGov.kz сайтындағы авторизация арқылы қазақстандықтар үйіне дәрігер шақыра алады, дәрігерге қабылдауға жазылады, медициналық ұйымға электрондық цифрлық қолтаңбасыз тіркеледі.

Сонымен бірге әскери қызметте болғаны жөнінде анықтама, жеңілдіктер қарастырылған соғыс ардагерлері, Чернобыль апаты зардабын жоюшылардың анықтамасы қолжетімді болмақ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Медициналық сақтандыру, Зейнетақы мен жәрдемақы өседі, Тіркелмеген телефондарды бұғаттау, Электронды үкіметтегі жаңашылдықтар, eGov.kz, жылғы, шілдеден, қаңтардан, зейнетақы, болады, пайызға, бірінші, медициналық, сақтандыру, базалық, реттік, мөлшері, пароль, арқылы, төменгі, мүлік, жарна, кезеңде, өседі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]