Спиннер: Не үшін керек, кім ойлап тапты, қандай түрлері бар

Спиннер: Не үшін керек, кім ойлап тапты, қандай түрлері бар

Спиннер - осы жылдың көктемінен бері көшені, әлеуметтік желілерді және интернет-дүкендерді жаулап алған антистресс-ойыншық.

Осы мақаланың авторы бір қолымен рөлді, ал екінші қолына спиннер ұстаған такси жүргізушісін жолықтырған соң, біз аталған ойыншықтың қалай пайда болғанын, оны кім ойлап тапқанын және қандай түрлері бар екенін анықтап, білмекті жөн көрдік.

Классикалық спиннер үш сақина мен оларды біріктіретін мойынтіректен (подшипник) тұрады. Осылардың арқасында құрылғы өз білігінің бойымен жеңіл айнала алады. Сізге спиннердің ортаңғы бөлігін саусақпен ұстап тұрып, сақиналарын шыр айналдыру қажет. Спиннерді жезден, тот баспайтын металдан, титаннан, мыстан немесе пластиктен жасап жатады. Олардың көпшілігі тоқтамастан бір-екі минут айналып тұра алады.

Спиннер қашан пайда болды

БАҚ-тардың көпшілігі спиннердің авторы ретінде Ренсселер политехникалық институтында оқыған 65 жастағы инженер-бағдарламаушы Кэтрин Хеттингерді атады. Хеттингердің қызы миастениямен ауыратын, бұл аутоиммундық ауру патологиялық бұлшық еттің шаршауын тудырады. Кэтриннің баламен ойнауға уақыты болмайтын, сондықтан ол газет пен жабысқақ лентадан қызына арнап ойыншық жасап береді. Бұл 90-жылдар еді.

Спиннер: Не үшін керек, кім ойлап тапты, қандай түрлері бар

1993 жылдың 28 мамырында Хеттингер пластиктен жасалған, саусақтың ұшында ұстап тұрып, шыр айналдыруға болатын дөңгелек құрылғы ойлап таптым деп патент алуға өтініш береді, сондай-ақ құрылғының прототипін ойыншық шығаратын компанияларға таратады. Алайда соңғылар ойыншықтың болашағына сенбей, сатып алудан бас тартады. 1997 жылы инженер патент алады. Осыдан кейін ол ойыншықтарды өз бетімен жасап шығарып, қолөнер жәрмеңкелерінде сата бастайды.


2005 жылы патенттің жарамдылық мерзімі бітеді. 400 доллары болмағандықтан Хеттингер құжаттың күшін создырта алмайды. 2015 жылы ол Kickstarter-де 20 жыл бұрын ойлап табылған классикалық ойыншықтың өндірісін жолға қою үшін ақша жинау кампаниясын бастайды.

2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында спиннер бүкіл әлем бойынша, әсіресе Батыста аса танымал ойыншыққа айналып, халық арасында кең таралып кетеді. Қазіргі уақытта спиннер АҚШ-та нөмірі бірінші ойыншық болып тұр, ал аталған құрылғыны имитациялайтын мобильді қосымша американдық App Store-да көш бастап келеді.

Спиннерлерге деген сұраныс өткен жылы Kickstarter-де пайда болған Fidget Cube антистресс кубигімен байланысты болуы да мүмкін. Кезінде үлкен қызығушылық тудырған бұл гаджет те батырмаларын басып, дөңгелектерін бұрап, ермек қылуға жарайтын-ды.

Қазір спиннер көңілі алаң немесе бір дүниеге назар аударып, ұзақ отыра алмайтын адамдарға көмек құралы ретінде жарнамалануда. Құрылғы майда моториканы дамытып, жүйкенің жұқаруына, күйзеліске қарсы тұра алады деп жатады. Алайда бұған қатысты да нақты бір ортақ ой жоқ, сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Ойыншық ойды жүйелеуге көмектеспейді, керісінше, алаңдатады деген көзқарас бірнеше АҚШ штатында спиннерді мектепке алып келуге тыйым салуға негіз болды.

Қолыңа бір алсаң, бітті, қайта тастай алмайсың – спиннерге қатысты бәрінің айтатын ортақ сөзі осы.

Айтпақшы, 12 маусым күні АҚШ президентінің 11 жастағы ұлы Бэррон Трамп ел алдына спиннер ұстап шыққан болатын.


[media=https://youtu.be/bf2MZUAGe5k]

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ойыншық, жылдың, алады, ойлап, ұстап, пайда, ойыншықтың, жасап, Спиннер, антистресс, немесе, спиннердің, ортақ, Kickstarter, бастайды, Алайда, тұрып, патент, қатысты, спиннер, спиннер туралы, спиннер это видео

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]