"Самұрық-Қазына" қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмақшы

"Самұрық-Қазына" қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмақшы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz, Астана арнасына сілтеме жасап.

Қытай тарапы мұны "Бір белдеу, бір жол" аясында өткен форумда ұсынған. Ешқандай жобаға байланбаған несиені, кейін кез келген жобаларға салуға болады. Кеше қор басшылығы мәжілісте есеп берді. Депутаттардың көпшілігі қордың сыртқы қарызына қатысты алаңдаушылық танытуда.

Былтыр оның көлемі 9 трлн 938 млрд теңгені немесе 29,8 млрд $ құраған. Яғни квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының 70% шамасында. Шарт бойынша қарыздың тең жартысы алдағы 5 жылда қайтарылуы керек.

"Қытайдың даму банкі жұмсақ шарттармен бізге 3 млрд доллар қарыз беруге өздері ықылас білдіріп отыр. Біз өзіміздің керекті жобаларымызға пайдалана аламыз", - дейді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Қор былтыр 575 млрд теңге пайда тапқан. Мұнай-газ және кен өндіру қызметі есебінен - 510 млрд. теңге, телекоммуникация секторы есебінен - 56 млрд теңге. Ал жыл сайын 320 млрд қарыздардың пайызын жабуға кетеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Самұрық-Қазына, хабарлайды, Самұрық, Өмірзақ, теңге, Қазына», доллар, қарыз, Шөкеев, басқарма, төрағасы, есебінен, Астана, мәлімдеді, арнасы, компанияның, туралы, ұлттық, ауқат, Қытайдан, алуға, қытай, Өмірзақ Шөкеев, nur.kz

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]