Алматылық жүргізуші полицейге шабуыл жасап, таныстарымен қорқытқан
Алматыда Toyota Camry көлігінің ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушісі полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Ол жолда жүру ережесін бұзғанымен қоймай, полицей талабына құлақ аспастан оқиға орнынан жасырынбақ болған деп хабарлайды nur.kz.
Видеоролик Instagram-дағы Ztb_video парақшасында жарияланған. Онда ер адамның жол полициясы қызметкерін көлігінен шыға салып, ұрғаны көрінеді.
Алматы ІІД мәліметінше, оқиға бірінші мамыр таңертең Алмалы ауданында орын алған. Заң бұзушы - 1986 жылғы Алматы тұрғыны.
"Полицейлер Toyota Camry көлігін Жароков көшесі бойынан байқаған, көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, жолда жүру ережесін сақтамаған.
Ол полицейдің тоқта деген талабына құлақ аспастан, оқиға орнынан жасырынбақ болады. Тәртіп бұзушының артына түскен полиция қызметкерлері оны Жароков және Шевченко көшелерінің қиылысында қолға түсірген.
Жүргізуші жасырынбақ болып, кері шегінгенде, бағдаршамның жасылында тұрған арттағы көлікті қағып кетеді.
Қашу әрекеті сәтті аяқталмағандықтан, жүргізуші ұсталды. Алайда ол кейін агрессия көрсетіп, полиция қызметкеріне шабуылдаған.
Ол аздай физикалық жәбір көрсетіп, ықпалды таныстары арқылы Ішкі істер ұйымындағы қызметінен кетіре алатынымен қорқытпақ болады.
Ішімдіктің иісі шығып тұрған соң медициналық тексеріске жіберілген жүргізуші ол жерде сараптамадан өтуден бас тартқан.
Ол уақытша қамау изоляторына жеткізілді", - деп пікір білдірді Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті
» Желіде полиция көлігіне дәрет сындырып тұрған ер адамның суреті пайда болды (фото)
» Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)
» Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды
» Алматылық тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: