Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады

Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады

Төл валютамыз тағы нығая түсті. 28 наурыз күні қор биржасындағы доллардың бағамы 314 теңгені құрады. Сарапшылар мұны әдеттегідей бір құлдырап, бір көтерілген мұнай бағасымен байланыстыруда деп хабарлайды КТК арнасы.

"Мұнайдың бағасы қалай болады, теңге де соған байланысты өзгереді. Ал енді қазір мұнайдың бағасы 1 баррелі 50 доллардың төңірегінде ғой енді. Ал одан әрі өседі деп айту қиын", - дейді экономика ғылымдарының докторы Әнуар Шелекбай.

Тіпті бағаның түсіп кетуі де ғажап емес дейді отандық мамандар. Естеріңізге салсақ, жуырда ғана Brent-тің құны барреліне 50 доллардан да төмендеп, 4 ай ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жеткен болатын.

Кейін қара алтын бағасы қайта көтеріліп, қазір 51 доллардан сатылып жатыр. Әлемдік нарықтағы жағдай осы қалпында сақталса, теңге бағамы да әзірге тұрақты болады дейді экономистер. Бірақ төл валютамыздың бұдан әрі нығаюы екіталай екен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бағасы, доллардың, бағамы, дейді, хабарлайды, байланыстыруда, валютамыз, бағасымен, теңге, доллардан, мұнай, қазір, болады, арнасы, көтерілген, теңгені, наурыз, түсті, нығая, құрады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]