Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Қазіргі таңда ұлтаралық некемен ешкімді таңғалдыру мүмкін емес. Бірақ елімізде қазақ қыздарының қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуын қоштамайтындар көп. Қытай ұлтының өкілімен бас қосқан Айжан Райымбекова бұған біржақты қарсы адамдарға өз көзқарасын білдірді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы Pandaland.kz сайты жазады.

Алматыда туып-өскен ару өмірлік жарымен 2007 жылы Пекинге оқу тәжірибесінен өтуге барғанда танысқан.

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан Айжан Қытайды өзінің екінші үйі санайтынын жасырмады.

"Қазақстан мен Қытайдың қайсысында тұрған дұрыс деп сұрасаңыз, мен біржақты жауап бере алмас едім. Қытайда бес жылға жуық өмір сүрген адам ретінде айтарым, ол менің екінші үйіме айналды.


Қытайдың мәдениеті, тарихы, инфрақұрылымның дамығандығы, көпұлтты орта, мүмкіндіктері маған қатты ұнайды.


Қазақстан менің отаным болып мәңгі қалатыны сөзсіз. Қайда жүрсем де Іле Алатауының саф ауасын, ең дәмді етін жеуді аңсап жүремін. Туғандарымның тойына барып, Алакөлде шомылуды жақсы көремін", - деп ағынан жарылды ол.


Айжанның сөзінше, қазақстандықтар қытайлар туралы біржақты пікір ұстанады. Оның себебі қытайлықтар өте көп, сондай-ақ сапасыз тауарларымен атағы шыққан болуы мүмкін деп есептейді.


Ол жолдасының көпұлтты ортада өскенін атап өтті.


«Менің ата-анам күйеу баласын құшақ жая қарсы алды. Оларға менің күйеуім біздің менталитетке ашықтығымен, адалдығымен және адамгершілігімен ұнап қалды», - дейді Айжан Райымбекова.


Айта кету керек, Айжан екі баланың анасы.


«Менің балаларым – Қазақстан азаматы. Төлқұжатында олар қазақ болып жазылған. Үлкенінің есімі – Арслан, кішісі - Темірлан. Күйеуім бұл шешімді қолдады. Балаларым қытайша, орысша, ағылшынша біледі. Ауызекі қазақшаны түсінеді», - дейді қытай келіні.


Айжан Райымбековадан Қытайдағы «Бір отбасыға бір бала» ережесі туралы жиі сұрайтын көрінеді.

«Ондай ереже болды. Қазір оларға екі бала тууға рұқсат бар. Ал бізге қытайлық саясат әсер етпейді, өйткені мен және менің балаларым Қазақстан азаматтарымыз», - дейді Айжан Райымбекова.


"Қытай келіні болу мен үшін қиын емес. Мен өзімді отбасының кенжесі сезінемін. Өз кезегінде, мен күйеуімнің ата-анасын құрметтеймін. Оларға ұлына берген тәрбиесі үшін алғыс айтамын", - деді ол ата-енесі туралы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айжан, Райымбекова, Қытай, менің, Қазақстан, біржақты, туралы, тұрмысқа, қытай, дейді, қарсы, қазақ, мүмкін, болып, хабарлайды, Менің, Оларға, Қытайдың, балаларым, Қазіргі, Қытай азаматы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]