Тоқтар Серіков шетелдікке тұрмысқа шығатын қыздарды жезөкшеге теңеді

Тоқтар Серіков шетелдікке тұрмысқа шығатын қыздарды жезөкшеге теңеді

Тоқтар Серіков нағыз қазақ қыздарының қытайға тұрмысқа шықпақ түгілі, оларды менсінбейтінін алға тартады. Оның пікірінше, қытайлық жігіттерге тек жеңіл жүріске салынған қыздар шығуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші Астана арнасындағы «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Мен қазақтың қыздарының бәрін қызғанам. Өткенде қазақтың қыздары қытайға тиейін деп жатыр екен деп инстаграмды шулатты. Мен бір кісідей ауырдым. Мен қызғандым. Өз әйелімді, үйдегі қызымды, қарындастарымды алып кететіндей қызғандым. Жылағым да келді, бұл сөзді айтқым да келді. Бірақ далбаса екен, артынан «Мен неге айтам бұны?» деп ойландым.

Менің қарындастарым онсыз да саналы, менің қарындастарым қазақтың мен деген қыздары. Олар бізден де намысқой. Намысы сондай болып тұрып олардың тиюі мүмкін емес, олар менсінбейді. Қытайға тиетін кімдер? Жезөкше қыздар тиюі мүмкін. Ар-намысы жоқ, тегі жоқ, қаны жоқ, қазаққа түрі ғана ұқсайтын біреулер тиюі мүмкін. Олар тисе, тие берсін қайғырмаймын. Ал нағыз менің қарындастарымның қытайға тиюі мүмкін емес, олар менсінбейді. Олар өздерінің нағыз махаббаттарын іздеп жүрген қазақтың қыздары. Олардан нағыз халық дейтін, ел дейтін жұрт дейтін азаматтар туады», - деген ойын жеткізді Тоқтар Серіков.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мүмкін, нағыз, қытайға, қазақтың, қыздары, дейтін, қыздар, Тоқтар, Серіков, қыздарының, менің, шығуы, қарындастарым, келді, қызғандым, менсінбейді, деген, хабарлайды, салынған, тұрмысқа, Тоқтар Серіков, токтар сериков, токтар сериков фото сурет, Тоқтар Серіков сурет фото

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]