Басы дауға қалған Білім министрі мұғалімдердің жалақысын көбейтпекші
Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеруге үмiттi екендiгiн айтты деп хабарлайды baq.kz.
«Қазiргi таңда мамандық таңдауға келсек, педагог перспективтi мамандық деп айтуға болады. Өйткенi, шартты түрде алып қарасақ, 11 сынып пен колледждерде 18 жастағы 220 мың оқушы болса, мектепке дейiнгi даярлық топтарында 400 мыңға жуық бала оқиды. Яғни, алдағы уақытта балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына 200 мыңға жуық жаңа педагог қажет болады деп топшылап отырмыз. Ал жылына 25 мың жас педагог оқуын бiтiрiп шығады. Бiлiм саласы – жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылатын сала», - деп мәлім етті Ерлан Сағадиев.министрі өз сөзiнде мұғалімдердің жалақысы аз екендiгiмен де келiстi.
«Бiз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлық жаңашылдықты, оның iшiнде қаржылық жағдайды педагогтармен, үкiмет және мәжiлiспен талқылау керек. 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеремiз деген үмiттемiз. Жалпы, ЖОО, мектеп пен балабақша саласында жекеменшiк сектордың кеңеюiнен педагог мамандығы перспективтi болады деп ойлаймыз», - деді министр.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» 2017 жылы енгізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер болады?
» Ұстаздардың жалақысы 2016 жылы 43-66 пайызға дейін өседі
» Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді
» Үкімет оқушылардың жазғы демалысын қысқартатын болды
» Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз
Іздеп көріңіз: