Депутаттар Астанаға президенттің есімін беру мәселесін қайта көтерді

Депутаттар Астанаға президенттің есімін беру мәселесін қайта көтерді

Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатқан парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астанаға президенттің есімін беруді тағы көтерді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"2008 жылы мен Астана халықаралық әуежайын тұңғыш президент, көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды ұсынған болатынмын. Бұл бастама қоғамда кеңінен талқыланды. Менің ойымша, үлкен қолдауға ие болды", — деді сенат депутаты Дархан Қалетаев.

Осыған орай, депутаттың айтуынша, тұңғыш президенттің есімін елордаға және ел нысандарына беру жөніндегі әріптестерінің ұсынысы өзекті және уақытылы болып табылады.

Бұл ұсынысты депутат Павел Казанцев те қолдады. "Мен байырғы Ақмола тұрғыны ретінде бұл ұсыныс біздің тамаша астанамызды ғана емес, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған тұлғаға көрсетілетін құрмет ретінде әділетті деп ойлаймын", — деді депутат.

Мінберге шығып, сөз сөйлеген басқа да депутаттар бұл ұсынысқа қолдау білдірді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
президенттің, есімін, депутаттар, Қазақстан, агенттігі, Sputnik, көтерді, жатқан, ретінде, Конституцияға, депутат, тұңғыш, беруді, хабарлайды, енгізілетін, отырысында, бірлескен, талқыланып, Астанаға, өзгерістер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]