Тіршілікке қолайлы ғаламшар табылды

Тіршілікке қолайлы ғаламшар табылды

Америкалық және бельгиялық астрономдар Жерге ұқсайтын ғаламшар табылғанын жариялады.

NASA ғылыми бөлімшесінің басшысы Томас Цурбухеннің айтуынша, ғаламшарлар TRAPPIST-1 жұлдызын айналып жүр. Олар тіршілік етуге жарамды болуы мүмкін.

Ол: «Олардың үшеуі ғаламшардың беткі қабатына су жиналуына мүмкіндік беретін «тіршілік аймағында» орналасқан. Негізінде, қолайлы атмосфералық жағдайда бұлардың кез келгенінде су болуы мүмкін», – дейді Томас.

Euronews-тың мәліметінше, экзоғаламшарлардың Жерден қашықтығы шамамен 39 жарық жылына мөлшерлес екен. Белгияның Лиежский университетінің астрофизигі Мишель Жийонның айтуынша, «бұл – 14 жыл ішіндегі ең маңызды жаңалық».

«Біз дәлдігі аса жоғары «Спитцер» телескобымен алты ғаламшардың көлемін және осы телескоптың көмегімен болжамды салмағын анықтадық. Ал, осының біреуі бойынша өлшемдеріміздің дәл болғандығы соншалықты, жобамен ондағы судың мөлшерін де шамалауға болады. Бұл өте қызықты, себебі ол «өмір сүру аймағында» тұр», – деді Жийон.

Енді алдағы бес жыл бойы олар экзоғаламшарларды, олардың атмосферасын тереңірек зерттей түспек. Ол үшін ғалымдар келесі жылдың қазан айында ғарышқа шығарылатын жаңа «Джеймс Уэбб» телескобын пайдаланатын болады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
айтуынша, аймағында», Америкалық, болады, ғаламшардың, болуы, жариялады, Томас, ғаламшар, ұқсайтын, Жерге, астрономдар, бельгиялық, табылғанын, соншалықты, өлшемдеріміздің, болғандығы, жобамен, мөлшерін, бойынша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]