Еліміздегі банктердің бірі кредитін төлей алмаған отбасының қызын тартып алмақ болған

Еліміздегі банктердің бірі кредитін төлей алмаған отбасының қызын тартып алмақ болған

Еліміздегі банктердің бірі қайтыс болған анасының атындағы несиені қайтара алмағаны үшін ағайынды балалардың кішкентай қарындасын тартып алатынын айтып қорқытқан. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Айтуға оңай" бағдарламасында айтылды деп хабарлайды nur.kz.

Бағдарламаға келген бауырлардың ата-анасы осыдан біраз уақыт бұрын дүниеден өткен екен. Олар мұнда мұң шағу үшін емес, бастарына түскен жағдайды айту үшін келіпті. Төрт бауыр қазір Қызылқайрат ауылында үй жалдап тұрады. Үлкендері Әйгерім тұрмыста, Кенен мен Алмат жұмыс істеп жүр. Ал кенжесі Аружан - 7 сынып оқушысы.

«Кредитті төлемегеніміз үшін Аружанды бізден сот арқылы тартып алып, интернатқа өткіземіз деп телефон шалды. Қорқытты. Кішкентай қыз интернатта қалай оқиды?», - деп көз жасына ерік берді студияға келген Кененнің келіншегі Самал.

Банк қызметкерлері араға уақыт салып бауырларға қайта қоңырау шалған.

«Біз сіздерден кішкентай қызды тартып аламыз. Сендер осы қыздың ақшасы үшін оны бағып отырсыңдар. Мұрагерлік арқылы аналарыңның несиесін баласы төлейді деген құжат жасату бізге оп-оңай», - деген банктегілердің сөздері олардың мазасын қашырыпты.

Кененнің айтуынша олар банктен несиені жер сатып алу үшін алған. Алайда жердің құжаты дұрыс болмай шыққан.

«Айтуға оңай» редакторлары мән-жайды банкке хабарласып анықтады. Заңға сәйкес, егер де несие алған адамның өзі өмірден өтіп, балаларының мүлкі болмаған жағдайда банк алдындағы қарыз бірден жабылады екен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тартып, несиені, кішкентай, айтылды, бағдарламасында, хабарлайды, арнасындағы, Айтуға, Ұлттық, уақыт, арқылы, алған, оңай», деген, Кененнің, Еліміздегі, Қазақстан, келген, атындағы, туралы, Қазақстан Ұлттық арнасы, Айтуға оңай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]