Данияр Ақышев теңгенің құнсыздануы туралы сыбысқа жауап берді
Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев теңге жақын арада құнсызданады деген сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасының "Слуги народа" бағдарламасына сілтеме жасап nur.kz порталы хабарлайды.
Ақышев теңгенің қазіргі уақытта нығаюына не себеп болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, теңге шетелдік валютаға деген сұраныс азайып жатқанына байланысты күш жинауда.
«Сол себепті, айырбас бағамына қатысты кез келген болжам фактіге негізделген болуы керек деп есептеймін», – дейді теңгенің құнсыздануына қатысты сыбысқа жауап берген банк басшысы.
Ақышев Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына ешқандай өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмағанын алға тартты. Оның сөзіне сенсек, банк қаржы нарығын тұрақсыздандыруға әкеліп соқтыратындай еш әрекет жасамайды.
«Егер бағам өзге деңгейде болуы тиіс болса, негізделген факторлардың әсерімен біртіндеп сол деңгейге жеткізіледі. Алайда бұған қандай да бір адамның волюнтаристік шешімі немесе еркі әсер ете алмайды», – деп сендірді ол.
Ұлттық банк басшысы Ресейде девальвация болған жағдайда, қазақстандық теңге дәл солай құнсыздануға міндетті емес екенін де алға тартты.
«2017 жылы біздің мақсат 6-8% пайызды құрайды. Біз айтарлықтай қауіп-қатер көріп тұрған жоқпыз. Тек әлемдік нарықтағы жағдай күрт өзгеріп жатса ғана әсері болмақ», – деді Ақышев.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжамын айтты
» Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы жайлы Ұлттық банк төрағасы жақ ашпады
» Ақышев: Теңге тұрақталады, айырбас орнына сабылудың қажеті жоқ
» Доллардың бағамы 185 теңге көлемінде болады
» Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін
Іздеп көріңіз: