БҚО әкімі бағасы 56 млн теңге тұратын көлік мініп жүр (фото)
Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов қызметтік көлігін ауыстырған. Аймақ басшысы енді мінсіз Audi A8 автокөлігімен жүреді.
«Уральская неделя» басылымының хабарлауынша, әкімдіктің баспасөз қызметі жаңа қызметтік көлік туралы ақпаратты растаған.
Қазақстандағы Audi маркасының ресми дилері болып табылатын Алматыдағы Mercur Auto компаниясы сәнді әрі мінсіз көлік туралы мәліметтерді айтып берді.
Олардың мәлімдеуінше, Audi көлігінің соңғы үлгісі A8 Long Орал қаласына жіберілген. Бұл моделге енді тапсырыстар қабылданбайтын көрінеді. Өйткені, күзге таман жаңа түрі жарыққа шығады.
Алтай Көлгінов мініп жүрген көлік арнайы тапсырыс бойынша жасалған.
Бұл көліктің құны 56 млн теңге немесе 169 мың доллар тұрады. Аталмыш компания тауарды Орал қаласына өздері жеткізіп берген. Алайда, Оралда бұл көліктің бөлшектері сатылатын және жөндейтін жер болмағандықтан, көлік бұзылып қалған жағдайда Самараға немесе Атырауға апаруға тура келеді.
«Қаражатты үнемдеу үшін Алтай Сейдірұлы жаңа жылдан бері мініп жүрген көлікті жергілікті кәсіпкерлердің бірінен жалға алдық», — деді облыс әкімдігінің баспасөз-хатшысы Жарқын Жұмаділов.
Бірақ, әкімдіктегілер көлікті қай кәсіпкерден жалға алғаны туралы айтпаған.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Audi A3 жылдың үздік автокөлігі атанды
» Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
» Мұғалімдер, дәрігерлер, полиция, әлеуметтік қызметкерлерге пәтер беріледі
» Роналду мен Месси әлемдегі ең қымбат көлікке таласып қалды
» Көлік құрастырушылар соңғы үлгілерін жұртшылыққа ұсынбақ

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: