Президенттің конституцияға түзету енгізу жайлы бастамасы елімізде қызу талқылануда
Президенттің конституцияға түзету енгізу жайлы бастамасы елімізде қызу талқыланып жатыр. Біраз билігін парламент пен үкіметке теңдей бөлгісі келіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ұсыныстарын тыңдауға 30 күн уақыт бөлді деп хабарлайды КТК арнасы.
Енді бүгіннен бастап кез-келген азамат бұл мәселеге қатысты ұсыныс-пікірін президент әкімшілігіне жолдай алады. Егер конституцияның жаңа жобасы қабылданса, Қазақстан жартылай парламенттік басқаруға өтпек.
Президент 40-қа тарта өкілеттігін парламент пен үкіметке қылдай бөліп бермек
Бірақ ойын ережесі аса көп өзгермейтін сияқты. Елбасы саяси алаңда бас төреші болып қала бермек. Тосын бастама ұзаққа созылмай жүзеге асатын болса, президент 40-қа тарта өкілеттігін парламент пен үкіметке қылдай бөліп бермек.
Бұл үшін Ата заңның 20-ға жуық бабы өзгертіліп, министрлер кабинеті бұдан-былай мемлекеттік бағдарламалар мен экономикалық реформаларды дербес іске асырады. Оның орындалуына құжатты бекітетін депутаттар да жауапты.
Енді үкімет қолға алған шаруасына басымен жауап береді
"Осыған дейін Ақордаға жалтақтап, президентті ыңғайсыз жағдайға қалдырған министрліктер бар. Бір істі бастап соңына дейін апармайды. Кейін оны басқа атаумен тағы қабылдап, жұртты шатыстырып жүр. Енді үкімет қолға алған шаруасына басымен жауап береді", - дейді сенат депутаты Сергей Громов.
Премьердің құзыреті күшейеді
Мемлекет басшысының ұсынысы қолдау тапса, премьердің құзыреті күшейеді. Министрлерді де тағайындау құқына ие болмақ. Ал ұлттық қауіпсіздік, ішкі-сыртқы саясатты мойнына алатын елбасы тек Сыртқы істер мен қорғаныс министрін өзі таңдамақ.
Сондай-ақ, үкімет президент емес, мәжіліс сайлауынан кейін де тегіс отставкаға кетеді. Қысқасы, министрлер заң шығарушы органға бағынышты болып, әр шаруасы жайында үнемі есеп беруі тиіс. Саясаттанушылар жаңа өзгеріс министрлерге кең құзірет қана емес, тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді дейді.
Парламентте елдің арасындағы мықты-мықты азаматтар болуы керек
"Өкімет те, "елбасының тапсырмасын орындадық" деп, жүкті елбасыға ысырып қояды. Халықтың мұң-мұқтажын көшеде митингте емес, бәрі парламенттің ішінде айтылу керек. Парламентте елдің арасындағы мықты-мықты азаматтар болуы керек", - дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев.
Осылайша, Қазақстан біртіндеп парламенттік-президенттік басқаруға өтуі мүмкін. Басты құжатқа түзету енгізу үшін референдум өткізудің қажеті жоқ дейді халық қалаулылары. Сенаторлар да мерзімінен бұрын парламент сайлауының өткенін қаламайды. Сөздеріне сенсек, президент бөліп берген билікті бұлжытпай орындауға сенат пен мәжіліс қазір де қауқарлы.
Конституциялық реформа халық арасында бір ай талқыланады. Кейін ұсыныс-пікірлерді қарап шыққан президент құжатты парламенттің бекітуіне жіберуі тиіс. Референдум өткізуге де ата заң рұқсат етеді. Алайда, саяси сарапшылар, істің дауыс беруге жетпейтініне сенімді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Депутаттар Астанаға президенттің есімін беру мәселесін қайта көтерді
» Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады
» Айқын Төлепберген қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады
» Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты
» Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: