Қыдырәлі Болманов тағы да жұрт алдында масқара болды
Продюсер Қыдырәлі Болманов «Мәскеуде диссертация қорғадым, Ресейдің Ғылым академиясының профессорымын» деп жұртқа жар салып жүр.
Бірақ көрші елдің Білім және ғылым министрлігі де, Ғылым академиясы Қыдырәліні көрсек, көзіміз шықсын дейді. Бұл туралы 365info.kz порталы жазды.
БОЛМАНОВ БОЛҒЫР МАҚТАНЫП ЕДІ
Біздің Қыдырәлі бір жыл бұрын қалай-қалай мақтанған еді, өзінің Instagram-парақшасында: «Мен енді халықаралық дәрежелі доктормын. Ресей компаниясының алдында диссертация қорғадым», — деген ол.
«Ұйқысыз өткен күндіз-түндерім артта қалды, енді өз отаныма пайдамды тигіземін» деп соққан сабазың.
БОЛМАНОВ ӨТІРІК PHD-ДОКТОР АТАНЫП ЖҮР МЕ?
Бірақ Болманов мынадай маңызды сұрақтарды жауапсыз қалдырады:
* Қай жерде диссертация қорғады?
* Қорғауды ұйымдастырған кім?
* Ресейдің қай компаниясы PHD-докторы дәрежесін бере алады?
* Қыдырәлі қай ЖОО-ның негізінде қорғанып, қандай еңбек жазды?
* Оппоненттері кім болды, диссертациялық кеңес құрамы қандай?
* Диссертацияның өзі қайда? Тақырыбы қандай?
* Қыдырәлінің қандай мақалалары қай жерде жарияланған?
* Қандай диплом және оның кімнен алғалы жүр? Өйткені қорғау – диплом алуды білдірмейді.
ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАНОВ ДЕЙТІН ҒАЛЫМ ЖОҚ ЕКЕН!
Ресейдің Білім және ғылым министрлігі Болмановтың масқара өтірігін шығарып берді:
«Ресей Ғылым академиясында ондай профессор атымен жоқ…
Бахтизин дейтін ғалым бар, Болманов жоқ!»
БОЛМАНОВ ДЕГЕНДЕ ҚР БҒМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДЕ АТ-ТОНЫН АЛА ҚАШТЫ
Ал ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин былай дейді:
— ҚР Білім және ғылым министрлігі мен оның Білім және ғылым салаларын бақылау жөніндегі комитетіне Қыдырәлі Болмановтың ғалым дәрежесі жөніндегі шетелдік дипломын мойындау туралы ешқандай құжат келіп түскен жоқ, ондай адамға Қазақстан тарапынан да философия ғылымдары докторының дипломы берілген емес.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: