Зейнеттегі ұстаз қазақ қыздарын Баян Есентаевадан үлгі алмауға шақырды

Зейнеттегі ұстаз қазақ қыздарын Баян Есентаевадан үлгі алмауға шақырды

Өзін Таңшолпан Ахметова деп таныстырған зейнеттегі ұстаз Баян бақытын тапқаннан кейін Бақытбек Есентаевты түрмеден босату керектігін айтып, "Қамшы" порталының редакциясына хабарласты.

Ол қазақ қыздарын Баян Есентаевадан үлгі алмауға шақырып, БАҚ-та насихаттауды доғаруды ұсынып, барша қазақ қыздарын өмірді көрген ана, әйел, ұстаз ретінде өз ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар Баянның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың түрмеден босап шығуына үлес қосуға шақырды.

«Мен төрт баланың анасымын. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырдым. Зейнеттегі ұстазбын. 60-қа келсем де әлеуметтік желілерде отырып, ғаламтордан жаңалықтармен танысып отырамын. Соңғы кездері БАҚ-та белгілі продюсер Баян Есентаеваның жеке өміріне қатысты ақпараттар жиі шығатын болды. Халық оны қызу талқылап жатқаннан кейін, мен де өз пікірімді білдіруге бел будым», - деп сөзін бастады Таңшолпан Ахметова.

Ол Қазақстанда Баян Есентаеваның дәуірі жүріп тұрғанын және қазақстандық қыз-келіншектер одан үлгі алатынына іштей налыйтынын жеткізді.

Қандай адам өз азаматын темір торға тоғытады?

«Қандай адам өз азаматын темір торға қатаң түзету мекемесіне 9 жылға тоғытып, өзгенің де отбасын бұзып, басқа еркекпен жүреді?! Бұл қазақ халқының мәдениетіне, тәрбиесіне жат. Қазақ халқы атам заманнан ер азаматын құрметтеген халық. Бізде әйел заты еркектерден бір саты төмен тұру керек деген түсінік бар. Сондықтан отбасын бұзбауға әрекеттену керек», - деп өз ақылын айтты.

Бұған дейін Баян Есентаева БАҚ-тың біріне сұхбат берді. Онда Бақытбек Есентаевтың жақсы жар, керемет әке болғанын айтқан еді. 60 жастағы Таңшолпан Ахметова Есентаеваның күйеуі 9 жылға қамалмауы керек еді деген пікірде.

Күйеуінің жазасын жеңілдету керек деп есептеймін

«Баян Есентаева журналистерге берген сұхбатында күйеуінің барлық жағдайды жасап отырғаны, бұған дейін Баян тек өз ісімен ғана араласып, үй қызметшілеріне жалақысын беру, мектептің ақшасын төлеу т.б. істермен мүлде бас қатырмағанын айтады. Яғни оның жақсы жар болғанын көруге болады. Сондықтан мәселенің анық-қанығын анықтап, күйеуінің жазасын жеңілдету керек деп есептеймін», - дейді зейнеткер.

Сонымен қатар 4 баланың анасы Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты істе тек бір жақты ғана пікір айтылды деген ойда екенін де жеткізді.

«2016 жылдың жаз айында Баян Есентаеваның басынан өткерген ауыр жағдайынан кейін сұхбат берді. Барлық БАҚ болған оқиғаны тек Баянның айтуымен ғана жариялады. Ал Бақытбектің пікірін білген ешкім болмады. Баян Есентаева өзіне ыңғайлы және өзін ұтымды көрсететін тұстарын ғана айтатыны анық», - дейді ол.

60 жасар зейнеттегі ұстаз, 4 баланың анасы, немере сүйіп отырған ақ шашты әже және қазақ әйелі ретінде Баян Есентаеваны насихаттамауға және одан үлгі алмауға шақырды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Есентаеваның, кейін, Бақытбек, Ахметова, қазақ, Таңшолпан, ұстаз, керек, баланың, деген, азаматын, Есентаева, түрмеден, зейнеттегі, айтып, тапқаннан, жазасын, жеңілдету, шақырды, жеткізді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]