Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады

Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады

Нұрсұлтан Назарбаев шақыруға ризашылығын білдіріп, жаһандық дағдарыстың бір себебі экономиканың нақты секторымен байланыссыз "сабынды көбік" түріндегі қаржылық құрылымдардың қарқынды дамуы екенін атап өтті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы маңызды әлемдік шешімдерді қабылдау кезінде көптеген дамушы елдердің ұстанымы іс жүзінде назарға алынбайтынын айтты.
"Қазақстан тәрізді елдердің де пікірі еленуі үшін бұдан екі жыл бұрын менің тарапымнан G-GLOBAL жобасы бастама ретінде көтерілді. Ол G8-ге және G20-ға балама емес, қазіргі кезде ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асырылып жатқан жаһандық диалогтың қосымша құралы ғана", – деді Қазақстан Президенті.

G-GLOBAL-дан бөлек Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен Астанада 104 елдің экономикалық ведомстволары жетекшілерінің қатысуымен Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізілді.

Осы инновациялық жаһандық диалог форматына баса назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев мейлінше өзекті проблемаларды шешуге қатысты өз көзқарасын ортаға салды.

Осылайша әлемдік қаржы- валюталық архитектура барлық елдің мүддесін сақтауға эволюциялық жолмен келуге тиіс. Мемлекет басшысының келесі ұсынысы әлемдік экономикадағы борышкерлік қатынастарды теңдестіруге байланысты болды.

"Мемлекеттік және корпоративтік қарыз алу көлемін реттеудің және бақылау жасаудың жаңа элементтерін әзірлеу әрі енгізу ұсынылады", – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы күресте өңірлік ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратынын айта келіп, Қазақстан, Ресей және Беларусь құрған Кеден одағын мысалға келтірді.

"Қазақстан да Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің қорытынды кезеңінде тұр. Бұл орайда осында отырған мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан 2013 жылдың соңына дейін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау көрсетуді сұраймын", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті біздің еліміз G20-ның "Жасыл климат қоры" жөніндегі бастамасын қолдайтынын мәлімдей келе, "Болашақтың энергиясы" тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өтетіні Қазақстанның "жасыл экономиканы" жаңғыртуының айғағы екеніне тоқталды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев айтылған ұсыныстардың назарға алынып, аталған салалардағы қызметтің жандана түсетініне сенім білдірді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады, Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады казакша жаналык, қазақша жаңалық Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]