Елбасының жанындағы ұрылар туралы ашып айтқан Айсұлтан Назарбаев туралы не білеміз?
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? nur.kz порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.
Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы 1990 жылдың жазында дүниеге келген.
Ол Австриядағы Америка халықаралық мектебін бітірген. Бұған дейін БАҚ-та хабарлағандай, оқу кезінде Айсұлтан мектептен алатын азғантай шәкіртақыға өмір сүрген.
Осылайша ол қаражатты дұрыс жұмсау және оны үнемдеуді үйренген.
Кіші Назарбаев британдық «Сандхерст» Патшайымның әскери академиясын тәмамдап, Отардағы Қазақстан әскери барлау жүйесіне әскери міндетін өтеуге аттанады. Қазақстан қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының штатында жүріп, аға лейтенант атағын алған.
Жастайынан футболмен айналысқан. 2006 жылы астаналық "Рахат" футбол клубында екі матчын өткізеді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа-2006 чемпионатының іріктеу турнирына қатысқан.
"Челси" және "Портсмут" жастар командасы мен қазақстандық "Астана" командасының құрамында өнер көрсеткен.
Айсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 31 тамызында үйленген. Ол өзінің жары ретінде "ҚазРосГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызы, танымал актер Әнуар Боранбаевтың немересі - Әлиманы таңдаған.
Әлима "Астана" Ұлттық суреттер галереясында мәдениеттанушы және тәлімгер болып жұмыс істейді.
2016 жылдың 9 маусымында Айсұлтанның жары Амели есімді қызды дүниеге әкеледі.
2015 жылдың қыркүйегінде ол өз кандидатурасын Қазақстанның футбол федерациясының президенті ретінде ұсынады.
Бұл тұста ол "бар білімін, күші мен қуатын қазақстандық футболды дамытуға жұмсайтынын" мәлімдеген болатын.
Бір жыл өткен соң, Айсұлтан кәсіби футбол клубтарын үлкен аккумуляторға теңеп, Қазақстандағы футболды дамытуға қатысты өзінің креативті ұсынысын жеткізді.
Ал кеше, 17 қаңтар күні, Айсұлтан "ағашкалар дәуірі аяқталуға аз қалғанына" сенімді екенін айтты. Оның пікірінше, Қазақстан халықтың көз алдында өзгеріп келе жатыр. Сонымен бірге, ол президенттің айналасындағы "ұрылар" жөнінде де сөз қозғады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)
» Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi
» Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді
» Назарбаев жаһандық дағдарыстың себебін атады
» Қазақстандықтар 1 наурызда алғыс айту күнін атап өтеді

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: