Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды

Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған ер адамның аты-жөні белгілі болды

«Азаматтарға арналған үкімет» Алматыдағы Алатау аудандық ХҚКО-да орын алған кісі өліміне қатысты жауап берді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап nur.kz.

Қайтыс болған азаматтың есімі - Құнтақов Жарас Нүркебайұлы. 1964 жылы туған.

Мекеменің хабарлауынша, Жарас Нүркебайұлы таңғы сағат 09:30-да ХҚКО-на жұбайымен бірге "Тұрғылықты жері бойынша тіркеуге" тұруға келген. Сол уақытта орталықта адам көп болмаған.

Олар электронды кезекке талон алып үлгермеген, жұбайы бланк толтырып тұрған. 09:42-де азамат өзін нашар сезіне бастаған. ХҚКО-дағы кезекші медициналық қызметкер оған күттірместен көмек көрсеткен.

09:52-де жедел жәрдем келіп жеткен, алайда Жарас Нүркебайұлын аман алып қалу мүмкін болмады.

"Азаматтық үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нүркебайұлының туған-туыстарына көңіл айтады. Ал созылмалы аурумен ауыратын науқастарға күндізгі қарбалас кезінде ХҚКО-на келмеулеріне кеңес береді.

Еске сала кетсек, Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адамның қаза болғанын оқиға куәгері хабарлаған болатын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жарас, Азамат, мекеменің, хабарлайды, қызметіне, жасап, туған, Нүркебайұлы, берді, сілтеме, баспасөз, жауап, арналған, Алматыдағы, үкімет», Алатау, өліміне, қатысты, аудандық, алған, цон, ХҚКО

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]