Оңтүстік Корея азаматы Алматыда шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасын ашты

Оңтүстік Корея азаматы Алматыда шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасын ашты

Оңтүстік Корея азаматы Алматыдағы зәулім үйлердің бірін жалдап, шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасын ашқан деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап nur.kz.

Белгілі бір ЖШС директоры болып қызмет ететін 47 жастағы Оңтүстік Корея азаматы бөтен елдегі заңсыз әрекеттерін орындайтын жерді караоке-бардың ішіне жасырған.

Өз ойын жүзеге асыру үшін ер адам мегаполистің орталығында орналасқан зәулім үйлердің бірін жалдап, сенімді адамдарды көмекшісі етіп алады. Бұл "барда" тек қана шетелдіктерге қызмет көрсетіп, ақысын да шетелдік валютамен алып отырған.

«Оңтүстік Кореядан келген К. Қазақстан Республикасы азаматтарынан құралған топпен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеген. Олардың әрқайсысының рөлі нақты бөлінеді. Мәселен, 45 жастағы Алматы облысының тұрғыны А. ЖШС директоры ретінде қызметкерлерді материалдық жағынан қамтамасыз етіп, заң және есеп тұрғысындағы мәселелерді шешіп отырған.

Ал, 51 жастағы Жамбыл облысының тумасы "караоке-барда" секьюрити болып қызмет атқарыпты. Оның міндетіне мекемені күзету және ішке тексерістен өткен адамдарды ғана кіргізу мекілді жұмыстар кірген. Қылмыстық топтағы ең маңызды рөл бардың әкімгері болған 29 жастағы азаматшаға бұйырыпты. Шын мәнісінде ол интимдік қызметтер көрсететін қыздарға іріктеу жүргізіп отырған.

Бұл әйелді мекемеде "мадам" деп атапты. Және қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруда 20 жастағы азаматша И. өз үлесін қосқан. Арнайы жүргізілген тергеу нәтижесінде, оның тұтынушылардан ақша алып отырғаны анықталды.

Жеңіл жүрісті қыздар көрсететін қызметтің бағасы 100-ден 300 долларға дейін болған», - деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД ұйымдастырылған қылмыстық істермен күрес басқармасының полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Қылмыстық кодекстің 306 тармағына сәйкес Алматы қаласы ІІД тергеу бөлімі соталды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оңтүстік Кореяның азаматы К. қалалық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына отырғызылған.

ФОТО: ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жастағы, Оңтүстік, азаматы, Алматы, қалалық, тергеу, қызмет, шетелдіктерге, отырған, бірін, зәулім, үйлердің, Корея, жалдап, полиция, барда, адамдарды, бардың, жүзеге, қаласы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]