Астана тұрғыны үйін бұздырмау үшін сыртына Назарбаевтың суретін жапсырып тастады (фото)
Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаевалар үйінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастаған. Кейуана бұл қадамға үйін бұздырмау үшін барған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап nur.kz.
Ұябаеваның үйі Астанадағы "Майский" саяжай массивінде орналасқан.
Несіпкүлдің айтуынша, "мемлекет мұқтаждығына қажет" деген себеппен үйді сүргісі келетін биліктің әрекетіне президенттің 91 суреті кедергі болады деп отыр.
"Шенеуніктер тым болмаса президенттен қорқатын шығар деген оймен президенттің суретін жапсырып қойдық. Елбасымыз халық жақсы өмір сүру үшін, болашағымыздың жарқын болуы үшін өз саясатын ұстануда. Ал олар болса, біздің жерімізді тартып алып, далаға лақтырып тастады", - дейді Несіпкүл Ұябаева.
Айта кетейік, үйде жеті адам тұрып жатыр, олардың екеуі кәмелет жасына толмағандар.
Үй иелері жергілікті билік бастапқыда өтемақы ретінде 400 доллар, биыл 4 миллион 700 мың теңге ұсынған айтады. Алайда олар мұндай ақшаға пәтер сатып ала алмаймыз деп отыр.
Еске сала кетейік, 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында "қала көркін бұзатын ескі үйлердің" әлі де қалғанын сынға алған болатын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Назарбаевтың жерде жатқан суреті желідегілердің ашуын туғызды (фото)
» Басын тақырлап тастаған Нұрлан Еспанов жұртшылықты шошытты (фото)
» Депутаттар Астанаға президенттің есімін беру мәселесін қайта көтерді
» Бала емізіп отырған суретін жариялағаны үшін күйеуі әйелін пышақтап тастаған (фото)
» Назарбаев Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы құжатқа қол қойды

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: