Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады
Шымкентте қазақ дастарханын дәріптейтін «Ет асу» фестивалі өтті. Көпшілік қауымға қазақ дастарханы кеңінен жайылды деп хабарлайды Отырар.
Онда өңірдегі түрлі этнос өкілдері Қазақтың ұлттық тағамын дайындап, өзара сынға түсті. Дәмі тіл үйіріп, қарын тойдырған аста-төк жиын болды.
Ұйғыр этно-мәдени орталығының дастарханы бұл күні молынан жайылыпты. Алайда қазылардың назары бірден асылған етке түсті. Жал-жая мен қазы-қарта, сонымен қатар жілікті орнымен қойып, табақ тартудың жөнін аспаздар жақсы біледі. Сондықтан қазақша ет асудың дәстүрін айна-қатесіз өзгертпей орындадық дейді.
Қазақ халқы қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту дәстүріне ерекше мән береді. Оны мінсіз дайындау — кез келген ас үй иесі үшін сын. Бұл күні де 20-дан аса қатысушы үшін солай болды. Сондықтан фестивальде дастарханның сәні болған ет тағамы арқылы түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайту көзделген.
Бірнеше сағатқа созылған байқаудың нәтижесі де белгілі болды. Ет асудың үздік үлгісін көрсеткен иран этно-мәдени орталығының өкілдері фестивальдің бас жүлдесін иеленіп, 200 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.
Ал бірінші орынға ұйғыр аспаздары дайындаған ет тағамы лайық деп танылды. Айта кету керек, бұл күні ешкім назардан тыс қалған жоқ. Қалған қатысушыларға да ақшалай сыйлық үлестірілді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Барған жерінде алдына табақ-табақ ет тартатын отандық өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі?
» Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр
» ҰБТ-дан құлап қалған студент Алматыдан "Қуырдақтың көкесі" атты кафе ашып қойды (фото)
» Баян Есентаева он алты жастағы қызды белгілі актермен сүйістіріп қойды (фото)
» Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: