Елбасы оқушыларға спортпен шұғылданып, кітапты көп оқуға кеңес берді
Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен "Жаңа қазақстандық патриотизм" тақырыбында өткізген сабақ барысында оқушыларға спортпен шұғылданып, кітап көп оқуға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Егер менің күн тәртібімді білгілеріңіз келсе: мен таңертең алты жарымда тұрамын және бір сағатымды жаттығуға арнаймын. Таңертеңгі жаттығуды ауыр фитнеспен аяқтаймын. Мүмкін, маған бұл керек емес шығар, бірақ мен осы тәртіпке үйреніп алдым. 45 минут аэробика, одан кейін фитнес, осыдан соң суға шомылып, жұмысқа барамын. Жексенбі бір күн демаламын. Мұндай тәртіпке дағдыланғаннан кейін, онсыз өмір сүре алмайсың", - деді Елбасы.
"Өмірде алға қойған мақсатыңа, табысқа жету үшін денің сау болуы керек. Денсаулықты жас кезден сақтаған жөн. Денсаулығың болмаса, ештеңе керек емес бұл өмірде", - деп ойын өрбітті Мемлекет басшысы.
Мұнымен қатар Президент Толстой, Чехов, Сенека, Бальзактың шығармаларын оқуға кеңес берді.
"Әлеуметтік желілерде отырмай, кітап көп оқу керек. Қазір әлеуметтік желілер - бұл сән. Бірақ мұның барлығы ертең ұмытылады", - деді Президент.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Н.Назарбаев: Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады
» Назарбаев "Нұр Отанға" шерулету мен жасандылықтың қажеті жоқ екенін ескертті
» 27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)
» Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді
» Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының он мыңыншы стипендиясын табыс етедi
Іздеп көріңіз: