Күйеуінен күнде таяқ жейтін ақтөбелік келіншекті полицейлер мазаққа айналдырды

Күйеуінен күнде таяқ жейтін ақтөбелік келіншекті полицейлер мазаққа айналдырды

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Гүлдана Тұрғалина күйеуінің соққысынан шаршаған келіншектердің бірі. Тұрмыстық жанжалдан әбден мезі болған ол әйелдер құқығын қорғайтын ұйымға жүгінгісі келеді.

Бұл туралы аймақтағы nur.kz тілшісі хабарлайды.

22 жастағы келіншек төрт бала тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені - 2-класс оқушысы, кішісі - 10 айлық бала.

«Менің жолдасыммен бірге тұрғаныма 8 жыл болды. 9-класс бітірген бойда 15 жасымда тұрмысқа шықтым. Ортамызда төрт қызымыз бар. Тұрмыс құрғаннан бері зәбір көрумен келемін. Жолдасым ішіп алып мені ұрады. Сарыкөл ауылдық округінде жер үйіміз болды. Ішімдікке тойып алып маған пышақ алып жүгіреді. Үйдегі бар дүниені сындырды. Балалар қорқып, бірге тұруымыз қиындап кеткен соң көрші ауылдағы ата-анамның үйінің қасынан пәтер жалдап тұрдым. Бірақ ол жақтан да маған маза берер емес, - дейді Гүлдана Тұрғалина.

Жолдасы күнде пышақ алып жүгіретін 22 жастағы келіншек өзін жергілікті полиция қызметкерлері мазақ қылып жүргенін айтты.

«Мен полицияға одан зәбір көргенімді айтып бірнеше рет арыз түсірдім. Үш сағатқа ғана алып кетіп, одан кейін жіберіп қояды. Сотқа дейін барып келдік. Сот үш айға дейін ол адамға ішімдік ішуге тыйым салынатыны және үш айға дейін учаскелік полиция бізді тексеріп тұру керек туралы шешім шығарып берді. Біздің отбасымызға келіп жағдай сұрап жатқан учаскелік полиция жоқ. Жолдасым да олардан қорықпайды. Жалдамалы пәтерге шығып кетсем де күнде келіп зәбір көрсетеді. Есік тереземізді сындырып, теледидарға дейін қиратып кетті. Кеше тағы екі полиция келіп: «Сен отбасыңдағы проблеманы өзің шеше алмайсың ба? Біз салпақтап жүре береміз бе?» деп миығынан күліп кетті»,–деп қорланғанын айтқан келіншек көз жасын тоқтата алған жоқ.

Оның айтуынша, ішімдік ішкенде көзі көрмей, отбасы мүшелеріне пышақ алып жүгіретін күйеуіне оның туыстары да басу айта алмай отыр.

«Жолдасымнан қайыр болмаған соң балаларымды асырау үшін курс оқып алдым. Қазір ауылдағы науқас адамдарға массаж жасап, күн көріп отырмын. Мен кімнен көмек сұрай аламын? Жолдасымнан алимент алу үшін арыз жазғанымда ол жұмысынан уақытша шығып кетті. Оның қазіргі ермегі күнде арақ ішіп алып, бізді қорқыту. Мен балаларым үшін қорқып отырмын. дам өлімі де осындай отбасылық жанжалдан басталмай ма?», - дейді жылап отырып көмек сұраған келіншек.

Ол жолдасы Ерболат Тілегеновтен ажырасу үшін сотқа да шағым түсірген.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дейін, полиция, келіншек, пышақ, зәбір, күнде, жанжалдан, келіп, Гүлдана, Тұрғалина, Жолдасым, отырмын, көмек, болды, бірге, бізді, класс, ауылдағы, шығып, Ақтөбе

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]