Аурухана жанында алты күн жатып иесін күткен ит жұртты тәнті етті (фото)

Аурухана жанында алты күн жатып иесін күткен ит жұртты тәнті етті (фото)

Испанияда осы елде бұрын болған Хатико атты итті еске түсіретін оқиға орын алды. Аита-ину тұқымдас Майя есімді ит өзінің 22 жасар иесі Сандра Иньеста ауырып жатып қалғанында оны аурухана жанында алты күн тапжылмай күткен. Бұл туралы Life ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Бойжеткен көлігіне итін салып алып, Барселона көшелерінде жүріп келе жатқанында іші қатты бүріп ауырады. Сосын аурухана жанына тоқтап, шұғыл дәрігерлерге көрінуге тура келген. Ал ит есіктің алдында қала берген. Оны тіпті қыздың әкесі де алып кете алмапты. Сондықтан адал итті аурухананың медициналық персоналы сол уақыттың бәрінде тамақтандырып тұрыпты.

Ауруханада Сандраға жедел ота жасалып, соқыр ішегін алып тастапты. Қыз емдеу орнынан жазылып, сыртқа шыққанында, алдынан тұрған итін көргенде, ешбір таң қалмапты.

«Ол – біздің отбасымыздың толыққанды мүшесі, сондықтан өзін соған лайық ұстайды», – деді Андреас Иньеста.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
аурухана, Иньеста, жанында, тапжылмай, қалғанында, туралы, ақпарына, Испанияда, хабарлады, жасаған, сілтеме, жатып, күткен, Хатико, оқиға, болған, ауырып, бұрын, тұқымдас, түсіретін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]